Алматы облысы Тәуелсіздік ұрпақтары марапатталды

Алматы облысы Тәуелсіздік ұрпақтары марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, республикалық деңгейде мәдениет, ғылым, бизнес, медиа, IT салаларындағы жастар бастамаларын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап гранттар тағайындалған болатын. Жас буынның әлеуетін арттырып, қанатын қатайтуға арналған істе Алматы облысында 15 үздік жоба қолдау тапты. Осылайша Алматы облысында тұңғыш рет өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант жобасында жүзден жүйрік шыққан бір топ жас марапатталды. Білімі мен білігі ұштасқан қызжігіттерді жеңістерімен құттықтаған аймақ басшысы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев: «Бүгінгі жастардың білімге, инновацияны үйренуге, шет тілдерін меңгеруге деген талпыныстары, еңбекқорлығы бізді қуантады. Жеңімпаз атанған жобалар өңіріміздегі өзекті мәселелерді шешуге, мемлекеттік жастар саясатын жемісті жүзеге асыруға серпін беретін жасампаз істердің бастауы болсын. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Жалпы, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Облыс халқының 19 пайызын жастар құрайды. Олардың жалпы саны – 280 мың. Бүгінгі күні оларға қолдау көрсетудің түрлі бағыттағы шаралары қарастырылған. Мәселен, 2022 жылы облыс тарихында тұңғыш рет жергілікті жастарды баспанамен қамтамасыз етуге қолдау көрсету үшін «Алатау жастары» атты тұрғын үй бағдарламасы бастау алды. Бастапқы жарнасыз 60 пәтер алу үшін 600 млн теңге бөлінді. Биыл осы бағдарламаға бөлінетін қаражат көлемі 3,6 млрд теңгеге дейін көбейтілді. Бұл қаржы 200 пәтер алуға мүмкіндік береді», – деді. Айта кетерлігі, қоғамның әр саласында бизнесидеялары мен өзіндік жоспарларын жүзеге асыруды көздеген жастар қарасы қалың болғанымен, грант жобасына барлығы 35 үміткер қатысқан. Солардың ішінде тек 15-і жеңімпаз атанып, 1 млн теңгенің сертификаттарына ие болды.

Ермек Сахариев
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 61
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 59
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 86
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 162
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 159
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170