Алматы облысындағы жағдай тұрақталып келеді

Алматы облысындағы жағдай тұрақталып келеді

Аласапыранның бір ұшы Алматы облысына да тиді. Облыс басшылары қазірдің өзінде қалыпты өмір сүру салтына оралу үшін біраз іс тындырғандарын айтып жатыр. 10 желтоқсан күні облыс әкімі Қанат Бозымбаев жиын өткізіп, облыс аумағында штаттық режимдегі жұмысына көшу туралы тапсырмалар берді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір шығындарды есептеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді жалғастыру керектігін тапсырды. Сол сияқты сауда нысандары, ірі базарлар, жанар-жағар май бекеттері толықтай іске қосылуы тиіс. Бұл ретте осы нысандардың бағаны өсірмеуі қатаң бақыланатынын айтты.  Интернет желісі істеп  тұр. Коммуналдық төлемдерді қабылдау, зейнетақы, жәрдемақы төлемдері де кедергісіз жүргізілуде.

Осы жиында Қанат Бозымбаев ауруханалар мен дәріханалардың жұмысы жайлы сұрап білді.  Қазір оларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сол сияқты Талдықорған қаласында қоғамдық көлік толық жұмысқа кірісуі керек деді. Сол сияқты Алматы мен қала маңындағы аймақтардың көлік қатынасын реттеу облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовқа жүктелді.

Сонымен бірге жиында полиция және арнайы органдар қызметкерлеріне жағдай жасау, оларды материалдық тұрғыда қолдау, тұрғын үймен қамту, штат санын ұлғайту сияқты бірқатар кешенді шаралар жобасын ұсынуды тапсырды.     

– Жалпы облыстағы ахуал тұрақты. Талдықорған қаласы толық бақылауда. Сондықтан қалыпты өмірге бірте-бірте көшуіміз керек. Жұдырықтай жұмылып, бірге жұмыс істесек, жуық арада облыстағы шаруашылық жұмыстарын, жетісулықтардың өмір сүру салтын бұрынғы қалпына келтіре аламыз деп ойлаймын, – деді Қ.Бозымбаев.

11 желтоқсан күні Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі Қанат Бозымбаев актив жиынын өткізіп, аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі отырысында берген тапсырмаларына іске асыру бағытында міндеттер жүктеді. Өз сөзінде Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысы алдағы уақытта өткізілетін барлық сала бойынша жүргізілетін реформаларға байланысты  мемлекеттік органдардың міндеттерін айқындап бергенін атап өткенін хабарлады.

Облыс әкімінің айтуынша, «Ауыл – Ел бесігі» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларына енгізу үшін инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдары әлсіз, бірақ перспективасы бар елді мекендердің тізімін анықтау керек.

Қанат Бозымбаев өңірлерде қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, нарықта әділ бәсекелестікті дамыту туралы да қадап айтты. 

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын өсіруге жол бермеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің жұмысын үздіксіз жүргізу шаралары да қатаң бақылауда болуы тиіс.

– Аудан, қала әкімдері, халықтан қашпай, сөйлесе біліңіздер, көпшілікпен бірлесіп жұмыс жасаңыздар. Өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге жағдай жасауымыз керек. Облыс көлемінде диспропорцияны болдырмай, тең жағдайда дамытуға тиіспіз. Ол үшін Алматы маңындағы аудандарда ғана емес, Талдықорған өңірінде де индустриалды аймақтар құру жөнінде ұсыныс дайындауды тапсырамын. Облыста бірыңғай экономикалық бағдарлама болуы керек. Президенттің басшылығымен қолға алынып отырған әлеуметтік-экономикалық жаңа саясат халықтың тұрмыс жағдайын көтеруде өз жемісін көрсетуі тиіс. Сол сияқты коронавирустың «омикрон» штамының таралуына жол бермеу, вакцинация мен ревакцинация жұмыстарын назардан тыс қалдырмауымыз керек, – деді Қанат Бозымбаев.

Жалпы жиын барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа талаптарына қатысты көптеген мәселелер пысықталды. Бүлік кезінде келтірілген шығындардың алдын ала есептеу мәліметтері де айтылды. Сондай-ақ аудан, қала әкімдеріне қайтыс болған полиция қызметкерлері отбасының хал-жағдайын, қандай көмек қажеттігін біліп, барлық тиісті қолдау шараларын көрсету тапсырылды.

Белгілі болғанындай, бүгіннен бастап, яғни 12 желтоқсаннан бастап екінші деңгейлі банктер жұмысқа кірісіп, банкоматтар іске қосылады. Облыс ішілік жолаушы тасымалы бағыттары жанданады. Әзірге төтенше жағдайға байланысты мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Абзал СҮЛЕЙМЕН
12.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 66
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 66
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 173
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 537
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 486

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9190
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8588
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11816
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9585
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10799