Алматы облысының Жамбыл облысындағы күндері өтуде

Алматы облысының Жамбыл облысындағы күндері өтуде

Арнайы Алматы облысынан ат арылтып келген қонақтар әуелі облыс әкімдігі ғимаратының  алдында орналасқан Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  

Жыр алыбының рухына тағзым еткен меймандар  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен басқосуда жүздесіп, ыстық лебіздерімен бөлісті.  

– Бабамыздың мерейтойы бір күнмен ғана тоқтап қалмайды. Келешек ұрпақтардың жалғастыруымен тойлана береді. Елімізді бабамыздың аруағы жебеп жүрсін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты өтіп жатқан бұл іс-шараның маңызы зор. Жамбыл – екі облысқа ғана емес, алашқа ортақ тұлға. Ал біздің бабамыздың тойына орай екі облыстың бір-бірімен тығыз байланыста болуы, ол – бірлігіміздің, ынтымағымыздың бекемдігінің айғағы –, деді аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы.

Айта кету керек, Алматыдан келген қонақтар Әулиеатада екі күн болады деп жоспарлануда. Олар түстен кейін қаламыздағы мәдени орындармен, киелі жерлермен танысып, өз өнерлерін паш етпек.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
06.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5477
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5629
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20600
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22692