Алматы қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі

Алматы қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдардың өндірілуі

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласының мемлекеттік органдарымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған есепке алу» мәліметтерінің деректеріне сәйкес, «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде жалпы сомасы 16 млрд. 093 млн. 773 мың 253 теңгені құрайтын 1 752 970 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 11 млрд. 729 млн. 421 мың 853 теңгесі өндірілді, бұл өндіріп алудың 72,8 %-ын құрайды.

Салынған әкімшілік айыппұлдар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сайтында білуге болады.

Ол үшін qamqor.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Айыппұлдар туралы біл» терезесін таңдап, жеке мәліметтерді (ЖСН және жеке куәлік құжатының нөмірін) толтырып, әрі қарай «Айыппұлдарды іздеу» батырмасын басу қажет.

Содан кейін, әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер қорында осындай берешек туралы мәліметтер болған жағдайда, олар экранда бейнеленеді, онда «төлеу» батырмасын басып, Қазақстан Республикасының «Электрондық Үкімет» порталының төлем бөлімшесіне өтіп, көрсетілген айыппұлды өтеуге болады.

Айыппұл Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің жүйесіне енгізілгеннен кейін, автоматты түрде қолданушының жеке кабинетіне немесе электрондық почтасына түседі, онда айыппұлды электрондық түрде өтеу мүмкіндігі бар.

Аталған жолмен төленген айыппұл туралы ақпарат Комитеттің орталықтандырылған дерекқорына түседі.

Айта кететін жайт, айыппұл осыған дейін төленіп, бірақ та түбіртек жоғалған жағдайда айыппұлдың төлеу құжатын Комитеттің ақпараттық жүйесінде шығарып алуға болады, ол үшін «Айыппұлдар туралы біл» терезесі арқылы өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді, ЖСН және жеке куәлік құжатының нөмірін толтырып, «Төлемдерді тексеру» батырмасын басу қажет.

Қағазға шығарылған хабарлама электрондық-сандық қолмен расталған және ресми құжат дәрежесіне ие. Азамат оны әкімшілік айыппұлды таққан мемлекеттік органға ұсынып, оның төленуі туралы белгі алуына болады.

Айыппұлдарды төлеу рәсімі айтарлықтай жеңілдеген.

Тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықты көлік иесінің ЖСН арқылы іздеуге болады. Егер көлік басқа адамның атыңа тіркелген жағдайда, онда оны авто көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі арқылы іздеуге мүмкіндік бар.

Екі мемлекеттік ресурс арқылы (qamqor.gov.kz. және egov.kz) онлайн режимде айыппұлды іздеуге және өтеуге болады.

1) Комитеттің ақпараттық сервисі – qamqor.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Өз айыппұлдарын туралы білу» бөліміне өту керек. Одан кейін ЖСН-ді және жеке куәліктің нөмірін енгізіп, келесі парақшада айыппұл туралы ақпаратты көруге болады. Егер ол төленбеген болса «Төлеу» тетігі арқылы банктік картаның деректерін енгізіп, стандартты схема бойынша төлем жасауға болады.

2) «Электронды Үкімет» порталы арқылы Еgov.kz сілтемесіне кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөліміне өту керек. «Әкімшілік айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдары іздеу және төлеу» қызметін таңдап, аталған қызмет түріне өту арқылы «Әкімшілік айыппұлдар» бөлікшесін қолдану қажет. Егер айыппұл бар болса, оны төлеу мүмкіндіктері қарастырылған ақпарат шығады.

Еgov.kz-тен айыппұлдарды көру үшін міндетті түрде ЭЦҚ-сы болуы қажет. ЭЦҚ-сын авторизациядан өткізу талап етіледі.

Бұдан бөлек, айыппұлды банктер мен онлайн-банкинг ресурстары арқылы төлеуге де болады.

«Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» жобасын үйлестірудің әсерінен екінші деңгейлі 17 банктердің кассалық  терминалдары және қосымшалары арқылы айыппұлдарды өтеуге болады.

 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес, айыппұлды төлеу кезіндегі 50%-дық жеңілдік құқық бұзушылық тіркелген сәттен 7 жұмыс күні өткенге дейін жарамды.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы нұсқаулық фото немесе бейнекамера материалдары бойынша ресімделген болса, онда жеңілдік мерзімі «Казпошта» АҚ-ның қызметкерлері Сізге табыстаған сәттен бастап немесе СМС-хат байланыс нөміріңізге жолданғаннан бастап төлеуге мүмкіндігіңіз бар.

Айыппұлды екінші деңгейлі банктер мен «Казпошта» АҚ арқылы төлесеңіз, төлем туралы хабарлама «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне тікелей түседі, егер техникалық ахаулықтар салдарынан түспей қалған жағдайда Алматы қаласы полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасына төлем туралы түбіртектің көшірмесін тапсырған жөн.

Сонымен бірге электронды үкімет порталы, интернет банктер, терминалдар мен түрлі электронды әмияндар арқылы да төлеуге болады. Алайда, бюджеттік сыныптама кодын (БСК) дұрыс көрсету керек.

 

 

ҚР БП Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

Комитетің Алматы қаласы бойынша

басқармасы бөлімінің прокуроры                                                       

 Ж. Ильясов

29.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803