Алматы жылыту маусымына толық дайын

Алматы жылыту маусымына толық дайын

Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Пак Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Е.Пактың айтуынша, жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың қолжетімділігі 100% құрайды. Жылыту маусымына 8257 тұрғын үй, 443 білім беру және 91 денсаулық сақтау объектілері дайын.

«Жылыту маусымына дайындық мамыр айында басталды. Гидравликалық сынақтар жүргізілді, нәтижесінде 626 зақым анықталды және жойылды. 82 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазандықтарды ауыстырумен технологиялық және қосалқы жабдықтар жөнделді, газ жабдықтары ауыстырылды. Биыл Наурызбай ауданындағы Вокзал қазандығын, сондай-ақ «Премьера» қазандығын қайта жаңарту басталды», – деді Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы 2021-2022 жылдардағы қыс мезгіліне дайындық туралы.

Сонымен қатар  Е.Пак 82 қалалық қазандықтарда және жылу көздерінде, тұрақты түрде, төрт ауысымда жедел персонал тәулік бойы кезекшілік ететінін айтты. Авария кезінде 13 жедел және жөндеу бригадасы жұмыс істейді. Сондай-ақ 229 мың тонна көмір мен 23,4 мың тонна мазуттың авариялық резерві жинақталды.

Барлығы Алматыда Түрксіб пен Жетісу аудандарында халыққа арналған 8 көмір базасы бар, алдын ала 90 мың тонна көмір қорын жинау жоспарланған. Бүгінде 27 мың тонна қор жиналды, тағы 3,5 мыңы жолда.

Сөзін жалғастырған Е.Пак электр және газ желілерінің дайындығы туралы айтты. Оның айтуынша, Алматыда электр желісінің ұзындығы 8,5 мың шақырымды құрайды. Олардың дайындығы 100%. «Алатау Жарық                           Компаниясы» АҚ 871 шақырым электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде Алматыдағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 4746 шақырым газ желілерін басқарады, олар да суық ауа райының басталуына толық дайын.

Сонымен қатар Е.Пак Алматы қаласындағы үйлердің 94,5%-ы жылуды есепке алатын қондырғыларға қосылғанын, қалғандары казарма типіндегі үйлер екенін немесе апатты үйлерге тиесілі екенін айтты.

Басқарма басшысы ауа температурасы алматылықтар үшін ыңғайсыз деңгейге түскенде жылу желілері жылуды бастауға дайын екенін айтты.

 

08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 39
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 80
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 65
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 32
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 71
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 80
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 71
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 69
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 76
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 66
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 73
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 71
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 293

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9305
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8699
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11928
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9701
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10909