Алматыда ауаның таза болуы үшін митинг өтеді

Алматыда ауаның таза болуы үшін митинг өтеді

Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама 8 ақпанда түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін. Басқарма хабарламасына сүйенсек, митинг «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң талаптарына сай.

Митинг 26 ақпан күні Ғылым Академиясының алдында, яғни Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта өтеді. Равкат Мұхтаров, Дулати Алтынханов секілді экология белсенділері, «Таза ауа» экологиялық қозғалысы, HAQ, Almaty Clean Air and Water Action секілді т.б. азаматтық қозғалыстар қала басшылығынан экологиялық проблемаларды шешудің кешенді амалдарын жасауды талап етеді.

«Шараның мақсаты – Алматыдағы ауа сапасына көңілі толмайтын мамандарға, белсенділерге, азаматтарға өзінің наразылығын білдіретін алаң ұсыну. Сондай-ақ әкімшіліктен және мәслихаттан қордаланған экологиялық проблемаларды шешудің кешенді жолын табуды талап ету», – деді ұйымдастырушылардың бір  Равкат Мұхтаров.

«Алматы атмосферасының ластануы жай адамның көзіне көрініп тұрады. Қыстың күні терезеңізден тау жаққа қарап көріңіз немесе жоғарыдан қалаға көз тастаңыз. Қысқы маусымда қалада дем алу өте қауіпті. Себебі жағылған көмір мен бензиннен кейін қалатын қалдықтарда улы әрі зиянды заттар бар. Ол заттардың концентрациясы ДДҰ нормасынан бірнеше есе көп. airkaz.org  мәліметтеріне сүйенсек, қытың күні Алматының төменгі жағында ластану орташа есеппен 400 мкг/м3. Бұл дегеніміз нормадан 26 есе көп! Ал қаланың жоғары жағында, мысалы Медеу ауданында, орташа көрсеткіш 180 мкг/м3 көрсетіп тұр. Ал бұл нормадан 12 есе көп! Яғни қыстың күні Алматыда ауа сапасы жақсы, қауіпсіз жер жоқ», – деп жазылған петицияда.

Экобелсенділер әкімшіліктен 2020 жылы қабылданған Алматының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол картасын орындау туралы есеп беруін талап етті. Ал осыған жауапты болып, жұмыс істемеген кінәлілерді жұмыстан қуу керектігін айтты.

Абзал Сүлеймен
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 146
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 293
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 507
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 464

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9163
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8561
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11789
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9557
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10769