Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады

   Онлайн брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қарлығаш Әдбіжаббарова: «Алматы қаласында КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала үшінші күн «қызыл» аймақта орналасқан. Апталық сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есе өсті. Эпидемияның тағы бір толқыны жаңа жылдық мерекелер мен белгілі оқиғалардан кейін және «омикрон» штаммына байланысты болып отыр. Бұл зертханалық түрде биылғы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелерімен расталады. ҚР ДСМ-де 96 сынамадан 8 сынамада омикрон штаммы анықталды, оның ішінде 7 сынама Алматы қаласынан болды. «Дельта» штаммдары сынамалардың 71 пайызында анықталды, «дельта – плюс» — 16; басқа штаммдар — 4,7% пайыз. «Омикрон» штаммына тән Алматы қаласындағы эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері — аса жоғары жұқпалылығы (таралу коэффициенті 1:5), иммунитетке төтеп беру қабілеті, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылауы және 20-30 жас аралығындағы азаматтардың зақымдануы байқалады. Сондай-ақ, апта сайынғы сырқаттанушылық бұрын КВИ-мен ауырып сауыққан адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары күрт өсті»,— деді.

Ермек САХАРИЕВ
14.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 15
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 23
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 30

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1003
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7051
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10897
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7120
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7262