КВИ таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында: «Алматыда коронавирус жұқтыру 10,5 мыңнан 10,9 мың жағдайға дейін өсті. Мегаполисте симптомды аурулардың үлесінің артуы байқалды, ол соңғы аптада 94,2 пайызды құрады. Бүгінде ковидтік стационарларда 6 602 адам жатыр, оның 182-сі бала. 300-ге жуық науқастың жағдайы өте ауыр, тағы 464-і реанимацияда, 2511-інің халі нашар. 20-39 жас арасында дертке шалдыққандар деңгейі жоғары — 33,5%, 40-59 жас арасында — 25,2%, 60 жастан асқандар арасында — 23, 1%. Қалған 18% — балалар мен жасөспірімдер. Коронавирустың таралуына әсер ететін факторлар – туыстармен, достармен және жұмыстағы байланыс. Бүгінде Алматыда КВИ инфекциясын жұқтыратын орындар: сауда объектілері — 32%, отбасылық байланыс — 16%, қоғамдық көліктер — 17,1%, базарлар — 13%. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, құқықбұзушылық азаймай отыр. Кейбір Алматы тұрғындары барлық талаптарды елемей, түрлі мерекелер ұйымдастырып, бұқаралық шаралар өткізеді. Осылайша, қала тұрғындары өздерінің денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіруде. Амбулаторлық емделетін науқастардың өзін-өзі оқшаулауына ерекше назар аудару қажет. Індет жұқтырған 143 030 науқас мобильді бригада мен телемедицина орталығының бақылауында»,— деген дерек айтылды.