Алматыда мерейтойлық отырыс басталды

 Алматыда мерейтойлық отырыс басталды

    Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің жиыны басталды. Шара ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналды. Салтанатты отырысқа ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы, РФ Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бастаған ТМД ПАА қатысушы елдердің парламенттік делегацияларының басшылары қатысуда. Шара тарихи жерде өтіп жатыр. Себебі, 1992 жылғы 27 наурызда дәл осы Алматыда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан парламенттерінің төрағалары ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойды. Кейінірек оларға Әзірбайжан мен Молдова парламентшілері қосылды. Ассамблея Достастық парламентшілердің өзара іс- қимылы, саяси, әлеуметтік- экономикалық және ортақ мүддені білдіретін басқа да мәселелерді талқылайтын басты алаңға айналды. Ассамблея Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы. Және ол қатысушы мемлекеттердің Парламенттік делегациясынан құрылған. Үлгі заңдар мен басқа да құжаттарды әзірлеу  ТМД ПАА-ның негізгі міндеттерінің бірі. Ассамблея қабылдаған құжаттар бағыт-бағдар ретінде қызмет етеді. Қазіргі уақытта Парламентаралық Ассамблея 600-ден астам үлгі құжатты қабылдады. Сайлау мен референдумдарды бақылау – Ассамблея жұмысының тағы бір маңызды бағыты. Сонымен қатар ТМД елдеріндегі сайлау процестеріне мониторинг жүргізеді.

Ермек САХАРИЕВ
29.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 155
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 153
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743