Алматыда үшжақты кездесу өтті

Алматыда үшжақты кездесу өтті

    2022 жылғы 15 ақпанда Алматыда Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кеден және салық қызметтерінің үшжақты кездесуі өтті. Кездесу тақырыбы үш елдің салық және кеден қызметтерінің іс-қимылдарын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері болды. Келіссөздер делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарды. Ол: «Соңғы уақытта ЕАЭО нарығында қытай тауарларының «сұр» айналымының ұлғаю үрдісі байқалуда. Мұндай үрдіс біздің елдеріміздің үкіметтері тарапынан тиісті назарсыз қала алмайды. «Сұр» импорттың ұлғаюына алып келетін сын-тегеуріндерге: бюджетке салықтардың толық түспеуі, одақ нарықтарына контрафактілік, сапасыз және кейде қауіпсіз емес өнімдерді әкелу жатады. Бұл фактор өзара саудадағы бәсекелестік нарықтың дамуына теріс әсер етеді, бұл сайып келгенде экономиканың жекелеген сезімтал салаларының дамуына қауіп төндіреді», деді. Қырғызстаннан келіссөздерге кеден және салық қызметтерінің бірінші басшылары қатысты. Қырғыз делегациясын Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев басқарды. Ресей тарапынан қаржы министрінің орынбасары, статс-хатшы Алексей Сазанов бастаған кеден және салық қызметтерінің басшылығы қатысты. Кездесу аясында сарапшылар деңгейіндегі тараптардың отырысы және делегация басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы кеңес өтті. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей Қаржы министрліктері деңгейіндегі өзара уағдаластықтарды іске асыру бойынша қосымша шараларды әзірлей отырып, өткен жылғы кездесудің қорытындыларын талқылады. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасында ақпарат алмасу мәселелері қаралды. Тараптар өзара іс-қимыл процесін ұйымдастыру үш елдің көлеңкелі экономикасымен күрес жөніндегі өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Күн тәртібіндегі тармақтардың бірі өзара саудада өткізілетін тауарлар бойынша тауарға ілеспе құжаттарда құнды дұрыс көрсету проблемасын талқылау болды. Тараптар тәуекелі жоғары экспорттаушылардың санаттарын айқындай отырып, осы мәселені неғұрлым терең пысықтау және олармен нақты жұмыс істеу қажеттігін қолдады. Сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің фискалдық және құқық қорғау органдарының қатысуымен алдағы жылға үшжақты өзара іс-қимылды жолға қою туралы уағдаласты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру кеден-салық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң серпін беретінін, бұл жалпы біздің елдеріміздің экономикасына оң әсер ететінін атап өтті.

Ермек САХАРИЕВ
16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779