Алтай Берекетұлы: «Дәрігер болу – тек кәсіп емес, өмірімнің бөлшегі»

Алтай Берекетұлы:  «Дәрігер болу – тек  кәсіп  емес,  өмірімнің  бөлшегі»

Жалпы  тәжірибелік дәрігер  (отбасылық дәрігер) адам баласын тексеріп, неғұрлым  кең тараған  аурулар  мен  жарақаттарға  тиісінше  диагноз қою, емдеу  және  оңалту, негізгі  инфекциялық  ауруларға  қарсы  иммундау  шараларын, эндемикалық  және басым  инфекциялық  аурулар  профилактикасы  және  олармен  күрес,  ана  мен  баланың  денсаулығын  қорғау  соның  ішіндегі  отбасын  жоспарлау  мәселелері, гигиеналық  тәрбие мен салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру, сапалы  тамақ  өнімдерімен  жабдықтауға  жәрдем  көрсету және  дұрыс  тамақтану  жөнінде  ұсыныстар  жасау, дәрі-дәрмектермен емдеу сияқты  шараларын  ұтымды  пайдаланады.

Дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейтіні белгілі. Екінің бірі дәрігер бола алмасы анық. Тек адам анатомиясын терең зерттеуге қабілеті жоғары, жиіркенбейтін, қорықпайтын, науқастың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан ғана осы мамандықты игере алады.  Адам өміріндегі ең құнды нәрсе денсаулық.                                 Дәрігерге артылатын жауапкершілік өте үлкен. Өйткені оған адамның бойындағы ең қымбаты – денсаулығы тапсырылған. Ауыр халдегі науқасты аман алып қалғанда, адамдар «бірінші Құдайға шүкір, екінші аман алып қалған дәрігерге рақмет» деп айтып жатады. Дәрігердің басты міндеті – адам өмірін сақтап, аурудың таралып кетуіне жол бермеу. Біз Алматыдағы №10 қалалық аурухананың  жалпы  тәжірибелік дәрігері  Зунумов Алтай Берекетұлымен өз   мамандығының қыр-сыры туралы сыр-сұхбат жасаған едік. Ол 2010-2013 жж. Алматы қаласындағы  «Интердент» медициналық  колледжді бітіріп, 2013 жылдан бастап С.Д.Асфендияров атындағы  медициналық  университетте  бакалавр, интернатура және резидентура бітірген. Жалпы, медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деген сөз. Кез келген адам дәрігер бола алмайды. Ал дәрігер болу үшін, ең алдымен, қандай қасиет керек? Терең білім, жедел шешім қабылдау, еңбекке қабілеттілік, қиын сәтте өзін-өзі ұстай білу, шыдамдылық, мейірімділік,  жауапкершілік, адалдық сияқты толып жатқан қасиет ақ халатты абзал жанның бойынан табылуы тиіс.  Науқастармен ашық, түсінікті және сенімді қарым-қатынас орнату дәрігердің кәсіби міндеттерін орындаудағы басты аспектілердің бірі болып табылады. Дәрігердің жылы сөзі науқастардың көңіл күйін, емдеу процесін және жалпы медициналық тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. Адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу де дәрігерге тән қасиет. Яғни, мамандықты сүю керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет.  Бұл көп біліктілікті қажет ететін қызықты жұмыс.

Жас мамандарға жинаған тәжірибемді үйретіп келемін. Науқастармен сөйлесіп, медициналық қызметтің олқы тұстарын анықтаймын. Заман талабына сай медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға барынша үлесімді қосуға тырысамын, – дейді Алтай  Берекетұлы.

Алтай  Берекетұлы кішірек кезінде анасы науқастанып қалады, соған бала жүрегі шыдамай өскенде дәрігер боламын деп өз-өзіне серт береді. «Дәрігер болу – адамға жарық өмір сыйлау. Бұл  кәсіп емес, адам өміріне  араша  түсетін  өмірімнің  бір бөлшегі», – дейді ол тебіреніп.

Мамандықты жан-тәнімен сүйіп, ісіне адал берілген дәрігер Алтай  Берекетұлына  абыройыңыз арта берсін демекпіз.

 

 

   Аяужан  ЖАЙЛАУҚЫЗЫ

Алматы  қаласы

13.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14156
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14098
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29245
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27887
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31408