«Аltyn samgay-2021» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

 «Аltyn samgay-2021» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

      12 желтоқсан күні Ұлттық Олимпиадалық комитет жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылады. Елордадағы Конгресс орталықта Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Аltyn Samǵaý-2021» Ұлттық спорттық жүлдесін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Кеш қонақтары қатарында спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, мемлекет қайраткерлері мен спорттық ұйымдардың басшылары болды. Олардың қатарында ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин мен Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев та бар. Пандемияға байланысты шектеулерге орай, салтанатты шара еліміздің үш қаласында бір мезгілде өтті. Шараның негізгі бөлігі Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылса, Алматы мен Түркістанда жасақталған арнайы студиядан онлайн көрсетілім жүргізілді. Бұл үміткерлер мен қонақтардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін айта кеткен жөн. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері кештің құрметті қонағы атанды. Жиында сөйлеген ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев: «Спортшылардың табысы мен жеңісін біз мақтан етеміз. Жеңістің құрметіне тәуелсіз Қазақстанның байрағы көтеріліп, еліміздің әнұраны шырқалады. Біз сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз. Сіздерді жас ұрпақ үлгі етеді. Сіздерге денсаулық, бақыт, табыс және жаңа жеңістер тілейміз», деді. Көптеген аталым бойынша үздіктерді жанкүйерлер таңдады. 22 қараша мен 6 желтоқсан аралығында олар өздерінің сүйікті спортшыларын Olympic.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтады. «Үздік спортшы» және «Үздік спортшы қыз» аталымында қысқы және жазғы спорт түрлерінен төрт жеңімпаз таңдалды. Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері әрі әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, каратэден Токио-2020 Олимпиадасының және әлем чемпионатының қола жүлдегері Софья Берульцева, сондай-ақ, шорт-тректен әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері Денис Никиша мен фристайл-могулдан әлем чемпионатының жүлдегері Юлия Галышева жүлде иегері атанды. Үздік жаттықтырушы атағына Мырзағали Айтжанов (бокстан Қазақстан командасының аға бапкері және Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы) пен Мәдіғали Қарсыбеков (шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері) жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша лайықты деп танылды. «Жылдың үздік командасы» атағын футзалдан Қазақстан құрамасы еншіледі. Биыл футзалшылар әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, төртінші орынға табан тіреген болатын. «Жыл жаңалығы» аталымында Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы әрі әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов топ жарды. «Үздік аймақ» аталымында олимпиадалық спорт түрлері бойынша 36 ұлттық федерацияға тізгін беріп, үздік аймақты федерация өкілдері анықтады. Өте тартысты өткен дауыс беру нәтижесінде Алматы қаласы Алматы облысын бір ұпай басымдығымен ұтып, жеңіске жетті. «Үздік ұлттық спорттық федерация» аталымында Қазақстан теннис Федерациясы топ жарды. Жеңімпазды Қазақстан ҰОК жанынан құрылған арнайы комиссия анықтады.

            Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшы атағы пауэрлифтингтен Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарының жеңімпазы Давид Дегтяровқа берілді. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы атағына парадзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Жандос Қиянов лайық деп танылды. «Спорттық медицина бойынша үздік маман» атағы дәрігер Азамат Нұрматовқа берілді. Ол Токио-2020 Олимпиада ойындарында медициналық штабтың бас дәрігері ретінде жұмыс істеді, сондай-ақ, Олимпиадаға дайындық кезінде спортшылардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі топтың құрамында болды. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің арнайы дәстүрлі жүлдесі – «Қазақстан спортының мақтанышы» жүлдесі грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, 1981 жылғы әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровке берілді.

Ермек САХАРИЕВ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 496

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807