Алтынсаринде Ауыл күні аталып өтті

Алтынсаринде Ауыл күні аталып өтті

Даланың алып қоңырауы аталған қазақтың тұңғыш ұстазы Ы.Алтынсарин бабамыздың кіндік қаны тамған жері Қостанайдың іргесіндегі Тобыл өзенінің жағасына жапсарлас қоныс тепкен Алтынсарин атты шағын ауыл бар. Осы ауылды мекен еткен екі жүзден астам түтін бүгін барша Қостанай жұртына бірілік пен ынтымақтың нағыз үлгісін көрсетіп, бұрын-соңды облыс аумағында өтпеген ауыл күнін белгілеп, барша сән салтанатымен атап өтті. Ауыл тұрғындары бұл күнді жыл басында бекітіпті. Сол үшін қаңтар айында ауылда «Қоғамдық кеңес» құрылыпты. Оған ауылдың аузы дуалы ақсақалдары, қалталы азаматтары, белсенді жастары мүше болып сайланған. Сол құрылған жергілікті «Қоғамдық кеңестің» мұрындық болуымен ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы да ерекше дүркіреп өтіпті. Енді, міне, араға бес ай салып ауылдастарына тағы да мерекелік көңіл күй сыйлап отыр.

Ауылдың «Қоғамдық кеңесінің» мүшесі Гүлжаухар Төлегенова: «Біз бұл күнді ел күні, ауыл күні деп атауды ұйғарып отырмыз. Осындай салтанатты шара ауылымыздың тарихында тұңғыш рет тойланып отыр. Бұл жердегі басты мақсат – ауыл халқының басын біріктіре отырып, ынтымаққа шақыру. Бір жағы мұны байырғы қазақтың ерулік дәстүрі десек те болады. Себебі ауыл Қостанай мен Тобыл қалаларының жанында болғандықтан, соңғы жылдары көшіп келіп, қоныстанып жатқан тұрғындардың қатары көп. Соларды бір-бірімен араластыру. Осы арада бір шаңырақтың астында түтін түтетіп отырған сегіз диаспора мен өзіміздің қазақтар дастархан жайып, ауылдастарына дәм татқызуда», – дейді Осы өңірді жайлаған өзге сегіз ұлт өкілдері жергілікті қазақ ұлтына алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді. Солардың бірі – орыс диаспорасы. Орыс диаспорасының атынан дастархан жайып қонақ күтіп жатқан Надежда: «Біз орыс халқының өкілдері қазақтарға айтар алғысымыз шексіз. Сонау ХХ ғасырдағы зұлмат жылдары біріміздің ата-анамыз айдауда келсе, енді бірімізді еркімізден тыс қоныс аудартты. Қала берді тың игеру деп тағы жіберді. Сол кезде бізді аман сақтап қалған – қазақтардың қонақжайлығы мен кең пейілі. Осыны көре тұра біз де осындай мерекеден шет қалмадық», – дейді. Алтынсаринді мекендеп жатқан өзге диаспоралар тек қана дастархан ғана жайып қоймай, орыс, молдаван, украин, неміс, әзірбайжан, беларус, қазағы болып бір сахнада өнер көрсетіп, ұлттық аспаптары мен билерін биледі.

Ауылдық кеңестің төрағасы Ермек Жұбаныш: «Жыл басында ауыл тұрғындары жиналып, қоғамдық кеңес құрып, іс шаралардың кешенін бекіттік. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ауыл күні мерекесі жоғары дәрежеде өтті. Осы қоғамдық кеңестің күшімен ауылды мекен еткен ардагерлердің құрметіне ескеркіш орнаттық. Ауыл күнін біз әдейі еліміздің Ата заңы мерекесіне орай жоспарладық. Енді ауыл күні мерекесі дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады. Бұл жұмыстардың барлығы жоғарыда аталған кеңестің күшімен өтіп жатыр. Қаражат жағына тоқталсам, осы кеңестің мүшелері өз шамалары келгенше ақша аударатын арнайы қор құрдық. Соған ай сайын ақша жинадық. Оның сыртында диаспора өкілдері көмекке келді. Жергілікті кәсіпкерлер де қарап қалмай, көмектерін берді. Оның сыртында ауыл дүкендеріне арнайы ақша жинайтын банкілер қойылды. Бұл жерде ауылдық және аудандық әкімдіктерден ешқандай көмек болмады. Бұл мерекені халық өзі ұйымдастырып отыр, – деді разы көңілмен. 

Ермек Сахариев
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 16
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 338
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9035
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8431
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11659
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9414
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10640