«AMANAT HOME» мен «Qazaqstan dauiri» меморандумға қол қойды

«AMANAT HOME» мен «Qazaqstan dauiri»  меморандумға қол қойды

Бүгін «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, халықты баспанамен қамтудың өзіндік жолын тауып, көпшілікке қуаныш сыйлап жүрген «AMANAT HOME» әлеуметтік бағдарламасының жетекшілерімен кездесіп, екіжақты меморандумға қол қойды. Аталмыш әлеуметтік жоба мен «Qazaqstan dauiri» ЖШС бұдан былай өзара әріптес ретінде, бір-бірінің жұмыстарына қолдау көрсететін болады. 

«AMANAT HOME» – Қазақстан Республикасының азаматтарын 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы пайызсыз тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік жоба. Компания 2018 жылы Алматы облысы Талғар қаласында тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өкілдіктерін ашып, табысты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күні «AMANAT HOME»  тұтыну кооперативі жылжымайтын мүлікті сатып алуға және пайызсыз бөліп төлеуге мүмкіндік берумен айналысып жатыр.

Аталмыш әлеуметтік жоба және олардың атқарып жатқан қызметі туралы газетіміздің келесі нөмірлерінде толық ақпараттармен бөлісетін боламыз.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5126
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5286
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20246
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18889
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22348