«AMANAT» партиясы Ақмола облысында 60 гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы Ақмола облысында 60 гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтарды
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы Ақмола облысына барды. Соның нәтижесінде мемлекет меншігіне 60 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды. Енді бұл жер учаскелерін ауыл тұрғындары мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланатын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
✔«AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен меморандум жасалғанын атап өтті. Соған сәйкес, шаруалар 333 мың гектар жерді бұдан былай ауыл тұрғындарымен бірлесіп пайдаланады.
▫«Ақмола облысының тұрғындары үшін жайылым жердің жетіспеушілігі өте өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан комиссия мүшелері мұнда белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік органдармен және ірі меншік иелерімен бірлесіп қабылдаған шешімдердің орындалу барысына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз», – деді комиссия мүшесі, қоғам қайраткері Ғалым Байтоқ.
✔Танымал журналист, комиссия мүшесі Мақсат Толықбайдың айтуынша, комиссия өкілдері 3 айдан бері өңірлерді аралап келеді.
▫«Мемлекеттік органдардың өкілдері мен партиялықтардан бөлек, комиссия құрамында қоғам белсенділері және заңгерлер бар. Жайылым мәселесі ұзақ уақыт бойы қордаланып келді. Оны бір күнде шешу мүмкін емес. Сондықтан партияның барлық тетігін іске қосып, әр облыстағы мәселені бірлесіп шешіп келеміз», – деді Мақсат Толықбай.
✔Атбасар ауданы Сочинское ауылының тұрғыны Асылхан Тастеміров елді мекенге бекітілген 6 мың гектар жайылымның аздық етіп отырғанын жеткізді.
▫«Ауылда 200-ге жуық үй бар. Тұрғындардың барлығы дерлік мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл халқы ірі қара, жылқы өсіріп жан бағып отыр. Жайылым мәселесі өте өзекті. Комиссия осы мәселені шешуге көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Асылхан Тастеміров.
Осы күні «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Сандықтау ауданында жер мәселесі бойынша азаматтарды қабылдады. Тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселе партиялық бақылауға алынды.










 
 
 
 
 


 
Бақытжан Бекболат, Жуалы ауданы
19.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 27
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 117
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 120

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1333
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7377
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11245
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7429
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7584