«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарына барды

 «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарына барды

"AMANAT" партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Партия мүшелері Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарына барды. Қабылдауға бір күнде 60-қа жуық азамат келіп, 4 шалғай елді мекен қамтылды. 

 

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғындары «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдеріне сумен қамту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікті қолдау секілді мәселелер бойынша жүгінді.

 

Антоновка ауылының тұрғыны Ирина Екименко жаңа су құбырын салу мәселесін көтерді.

 

«Ауылдағы су құбыры 80-ші жылдан бері бар. Оның 90 пайызы тозығы жетті. Мен қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласқан соң, екі айдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманың дайын болатыны, ал қараша айында бюджеттен ақша сұралатыны туралы жауап алдым», - деп атап өтті Ирина Екименко.

 

Атырау облысына қарасты Исатай ауданында қабылдауға 30-дан астам адам келді. Өзекті мәселелердің қатарында жол жөндеу, ауылдарды абаттандыру және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы бар. 

 

Тұщықұдық ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер Бағила Ибрагимова автокөлік жолы арқылы малға арналған өткел салу мәселесі бойынша өтініш білдірді.

 

«Мен «AMANAT» партиясына ауыл тұрғындарының атынан келдім. Біздің ауыл арқылы өтетін Атырау-Астрахань тас жолын қайта жөндеуден өтуіне байланысты малғаарналған өткел қажет. Оған лайықты орын да дайын. Алайда, бізді толғандырған мәселенің аяқсыз қалмай, бақылауда болғанын қалаймыз», - деді ол.

 

Жергілікті тұрғын Қалидолла Қадыров аманаттықтарға жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесі бойынша шағымын айтты. 

 

«Жақын маңдағы өзек аумағында су жоқ. Сондықтан су мен шөп іздеп көрші ауылдарға мал айдап кетуге тура келеді. Біз ауылда мал жаятын және суаратын орын болғанын қалаймыз. Кейбір жерлерді жеке шаруашылықтар жекешелеп қоршап алды. «AMANAT» партиясы бұл мәселені республика деңгейінде көтеріп отыр. Сондықтан біз бұл мәселенің оң шешімін табатынына сенімдіміз», - дейді ол.

 

«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаева 4 шілдеде шалғай елді мекендерге сапардың екінші кезеңі басталғанын атап өтті.

 

«Бірінші кезең 14 наурыз бен 14 маусым аралығында өтті. Екінші кезең кезінде 131 ауылдық округте болып, мыңға жуық адамқабылдады. Мәселелердің 25%-ы дер кезінде оң шешімін тапса, қалғандары бақылауға алынады», - деді Әлия Садырбаева.

 

Еске сала кетейік, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 91 мыңнан астам адам жүгінді. Мемлекеттік органдардың басшылары мен түрлі деңгейдегі депутаттар 18 мыңнан астам қабылдау өткізіп, оның барысында 46 мыңнан астам адам қабылданды.

24.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 160
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 166
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 380
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 348
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 963

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9041
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8438
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11666
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9427
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10646