Өзім қызмет ететін мектеп мұғалімдері мен шәкірттеріміздің табыстары да көңіл қуантарлықтай. Мектеп түлектерінің әскери, журналистика, медицина саласында жемісті еңбек етіп жүрген түлектер-берілген тәрбие мен білімнің сапалы сіңірілуі деп ойлаймын. Жалилов Муңлуқ, Жалилов Алик атты шәкірттеріміз кигбоксинктен әлем чемпионы болса, Имиров Ринат волейболдан ауданның үздік ойыншысы, Юннеров Мунир облыстық үздік ойыншысы ретінде 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ушу-саньдодан Абдукерим Ақжол, бокстан Сламжан Ерсұлтан, дзюдодан Шайлыков Шаһияр, таэквондодан Жарылқасын Мейірлан, шахматтан Абдуважитова Райхангуль сияқты шәкірттерімізден олимпиада, әлем чемпиондары шығады деген үміттеміз.
Бір отбасының үш ұлының жетістіктеріне мектеп ұжымының да әсері мол екені сөзсіз. Шариповтар отбасынан шыққан Жәнібек «Солтүстік» аймақтық басқармасы бойынша Қостанай шекара әскери бөлімшесінің бастығының орынбасары, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бойынша бөлімінің басшысы , подполковник болса, Әлібек «Универсал» компаниясының директорлар кеңесінің басқарушысы, «Smart Qalqan» ТОО-сының құрылтайшысы, Қаныбек ауыр атлетикадан спорт шебері, Ушу-саньдодан шеберлікке кандидаттығына қоса алтын өндіретін «SB GOLD» компаниясының директоры қызметінде
Қазіргі күні «Бәрі бар»медиясының танымал журналисі Атанбаева Айым Болатқызының жетістікке талпынысы мектеп қабырғасынан басталған.
Түрлі сайыстарда жүлделі болған Жұмаділ Жұлдыз, Бауыржан Ұлия, Нұржау Гүлден сынды шәкірттеріміз бүгінде ата-анасын, мектебін, ұстаздарын қуантып жатса, ертеңгі күні егеменді елдің интеллектуалды капиталы бола алатынына толық сенімдімін.
Ұжымдағы оқушылар мен мұғалімдердің табысына білікті басшы, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері, жоғары санатты ұстаз Имиршаева Суджата Мямярозықызының үлесі өте зор.