«Аманаттың» көтерер жүгі ауыр

«Аманаттың» көтерер жүгі ауыр

«AMANAT» партиясы небір игі істерге мұрындық болып жүр.  Қазіргі таңда қазақ ұлтының ең маңызды шаруасы – жер. Біз сөз етіп отырған «AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы бірнеше ай ішінде Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымды жерді мемлекет меншігіне қайтарыпты. Бұған қалай қуанбайсың! Бәрекелді!

 

Биыл, нақтырағы, 2022 жылдың 28 қаңтарында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезі өткені мәлім. Аталмыш жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағалығына сайлау туралы Съезд қаулысы қабылданды. Ал, 1 наурыз күні, Кезектен тыс XXII съезд барысында партия «AMANAT» атты жаңа атауға ие болды. 

Осынау ауқымды шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «АМАНАТ» деп өзгерту ұсынылды. 

Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен Аманат деген атауға тоқтадық. Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы  қастерлі  құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады», – деді.

«AMANAT» партиясы құрылған сәттен бастап республикамыздың түкпір-түкпірінен өзінің филиалдарын ашып, елмен етене араласып, халықты толғандырған қаншама өзекті мәселелердің оң шешімін табуына мұрындық болды. Солардың бірқатарын атап өтер болсақ, Ақмола облысында 106, Шығыс Қазақстан облысында 170, Қостанай облысында 134, Солтүстік Қазақстан облысында 106, Шымкент қаласында 272, Ақтөбе облысында 105, Жамбыл облысында 175, Қызылорда облысында 152, Түркістан облысында 207, Алматы облысында 87, Батыс Қазақстан облысында 87, Маңғыстау облысында 118, Алматы қаласында 325, Атырау облысында 192, Қарағанды облысында 187, Павлодар облысында 203, Нұр-Сұлтан қаласында 118-дей мәселелер өз шешімін тапты. Біз тілге тиек еткен көрсеткіштер «аманаттықтарға» халықтың өздерінің жеткізген шағымдары бойынша оң шешімін тапқан мәселелердің нақты саны. Партияның әрбір аймақтағы филиалдарының тынымсыз тірлігінің арқасында халық бүгінде «AMANAT»-қа зор сенім артатын күнге жетті. Алдағы уақытта да «AMANAT» мемлекеттің халықтың мүддесі жолындағы жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек. Халықтың зор сенімі мен аманатына адалдық танытып, елмен бірге бұдан биік асуларды бағындыра берері сөзсіз.

Отыз жыл елмен бірге жасап келе жатқан «Qazaqstan dauiri» газеті – биліктің жақсылығына сүйініп, жаман ісіне күйініп жүрген басылым. Оны газетіміздің әр санынан көріп отырсыздар, құрметті оқырман! Алдағы уақытта жаңашылдыққа бет түзеген, жаңа идеяларға арқа сүйеген, ел мен жердің мүддесі үшін күресе білетін  «AMANAT» партиясының игі істерін елге кеңінен насихаттау үшін  «AMANAT» аманатқа адал» атты айдар ашпақ ойдамыз. Бұл айдарды тұрақты беріп отыруға күш саламыз.

 

14.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678