Әмір Закиров брейк данс турнирінде жеңіске жетті

Әмір Закиров брейк данс   турнирінде жеңіске жетті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook парақшасында: «Әмір Закиров Жапонияда өтіп жатқан Breaking for Gold брейк данс турнирінің жеңімпазы атанды. Алтын медаль үшін күресте қазақстандық биші АҚШ пен Жапониядан қатысқан қарсыластарынан озық шықты. Жарысқа дүниежүзінің 48 елінен барлығы 180 шебер брейкдансер қатысқан, оның 99-ы – жігіт, 81-і – қыз. Әмір Нидерландыдан келген 4 дүркін әлем чемпионы Menno мен канадалық қазіргі әлем чемпионы Phil Wizardтан басым түсіп, турнирдің өте қиын кезеңінен өтті. Сонымен бірге біздің брейкдансер былтырғы әлем чемпионатының финалисі жапониялық Shigekix-ті жеңді. Мен Әмірдің осы деңгейдегі турнирлердегі алғашқы және соңғы жеңісі емес екеніне сенімдімін. Әмірді және қазақстандықтарды толағай табыспен құттықтаймын, сонымен бірге чемпионымызға қарқынын үдетпей, 2024 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетуін тілеймін. Айта кетейін, брейк данс 2024 жылғы Олимпиадада ресми дисциплинаның бірі болады», – деп жазды.  

Ермек Сахариев
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5053
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5217
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20178
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18822
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22277