Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай Дубайға алғашқы рейсті орындады

Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай  Дубайға алғашқы рейсті орындады

Бүгін FlyArystan әуекомпаниясы Ақтөбеден Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы жолаушылар рейсін орындады. Жаңа бағыттарды ашу жұмыстары Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен жүзеге асып отыр. 

 

Airbus А320 ұшағы Дубайға 180 жолаушыны жеткізеді. 

 

Ұшақтардың ұшуы аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндеріне жоспарланған. 

 

Еске салайық, Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай бес бағытта жаңа әуе рейстерін ашады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде ақтөбеліктер Пхукет, Дубай, Ташкент, Самара және Оралға ұша алады. 

 

19 қазанда  Scat әуекомпаниясы Ақтөбе – Пхукет – Ақтөбе бағытындағы алғашқы рейсін ашты. 

 

Qazaq Air әуекомпаниясы Ақтөбе – Орал – Ақтөбе бағытындағы жаңа әуе рейсін орындауды 1 қарашадан бастайды. Бұдан өзге, қарашада Ақтөбеден Ташкент және Самараға рейстер ашылады деп күтілуде. 

 

Әуе айлағының шекарасын кеңейту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек: биылғы жылдың соңына дейін маршруттық желі тағы 2 бағытқа ұлғайтылады деген жоспар бар.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5047
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5211
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20171
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18816
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22270