Апат айтып келмейді

Апат айтып   келмейді

Қауіпсіздікті қадағалап, өңір тұрғындарын сақтыққа шақырып жүретін төтенше жағдай саласы қызметкерлерінің жұмысы қашан да қауырт. Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов жуырда БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 

Жедел жағдайлар туындаған кезде батыл қимылдайтын ТЖД-нің апаттық-құтқару қызметтері есептік кезеңде дабыл бойынша 2363 рет қызметке шыққан. Нәтижесінде 851 адам құтқарылып, 802 тұлға эвакуацияланған. Сонымен бірге 153 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілген.

– Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 8%-ға, қаза болғандар саны 4-ке төмендеді, жарақат алғандар саны 36,6%-ға (7 адам) азайды. Ал табиғи жанудың саны – 35,5%-ға, табиғи өрттер саны 44,1%-ға азайды.  Алайда орман өрттерінің 68,4%-ға өсуі байқалады. Бұл ретте осы өрттердің ауданы мен залалы алдыңғы жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, – дейді департамент бастығы Ернұр Сапарұлы. Айтуынша, БҚО-да қазіргі уақытта 103 елді мекенді қызыл жалыннан қорғайтын 20 өрт сөндіру бекеті жұмыс жасайды.

Департамент бастығы өз баяндамасында мемлекеттік бақылаудағы нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігін қадағалау іс-шараларынан да хабардар етті. Тілсіз жаудың алдын алу да – осы мекеменің құзырында болғандықтан, өткен жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өртке қарсы жағдайына 1539 тексеру жүргізіліп, 6304 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу оқиғалары анықталған. 

Қазір – жылыту маусымының кезеңі. Осы уақытта да тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қадағалау жауапкершілігін күшейту талап етіледі. Департамент мамандары атап өткендей, 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде БҚО-да 107 өрт тіркелген. Мұндай төтенше жағдай кезінде өрттен 1 адам қаза болса, 4 тұрғын зардап шеккен. 

Төтеншеліктер маусымның қай кезеңінде болмасын, түрлі апаттардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, төтенше жағдайларды болдырмауға күш салады. Осындай ауқымды іс-шаралардың бірі – облыста көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары. Биылғы жылға барлық қам-қарекет жасалып, дайындық жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Сонымен бірге төтенше жағдай саласының қызметкерлері қаһарлы қыста қар құрсауында қалғандарды құтқару, тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу, су айдындарындағы қауіпсіздікті қадағалау сынды жұмыстардың басы-қасында жүреді. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784