АҚШ-тағы ақылманның айтқан уәжі:

АҚШ-тағы ақылманның айтқан уәжі:

Серікжан Біләшті біреу жақсы көреді, біреу жек көреді. «Қазекеңе адам 100 % жағуы өте қиын. Әлбетте Серікжан да пенде. Бірде артық айтады, бірде тыртық айтады. Айтқан кемел ойлары да аз емес. Не айтса да қазағына жаны ашып айтады. Оның маған ұнаған екі пікірін сіздердің назарларыңызға ұсынсам деймін: 

«Неге орысқа жабысып қалдыңдар?»

«Сіздер Батыс Еуропа мен АҚШ-тан не жамандық көрдіңіздер? Жамандықты тек орыстан көріп келесіздер. 1916-20 жылдары қазақты ақ орыс та, қызыл орыс та миллиондап қырды. 1921 және 1932 жылдары жасанды ашаршылық жасап, 6 млн қазақты қырғынға ұшыратса, 1937 жылдары Алаштың қаймағын сыпырды. Осындай зұлымдық, зорлық-зобалаң жасаған орысқа неге жабыса бересіңдер?». 

«Мұның артында да қайыры бар...» 

«Путин-Путлер Украинаға жетіскеннен шабуыл жасап жатқан жоқ. Соңғы жанталасу. Бұл соғыс Ресейге ақырзаман әкеледі. Егер Қытай Тайванға шабуылдаса, жағдайы осылай болады. Қытай өте ауыр жағдайда отыр. 80-90% елге айлығын бере алмай пұшайман. Бұл Қазақстанға жақсы. Біз осы талмау тұста қимылдап қалуымыз тиіс. 15 жастан 40 жасқа дейінгі қазақтар, шынығып, спортпен айналысыңдар. Біз қандай жағдайға болса да дайын болғанымыз жөн».

03.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5426
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5580
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20549
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19179
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22639