АҚШ-тағы Қысқы Универсиада

АҚШ-тағы Қысқы Универсиада

Биылғы жылғы Қысқы Универсиада 12 және 22 қаңтар аралығында АҚШ-тың ЛейкПлэсид қаласында өтеді. Оған әлемнің 50 келінен 1400-ден астам спортшы келеді деп күтілуде. Онда 12 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Еліміздің студенттер құрамасы да осы Қысқы Универсиадаға қатысады. Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі. Өзге топта Жапония, Украина, Швеция, Латвия, Чехия құрамалары бар. Әрбір топтан үздік шыққан екі құрама плей-офф сатысына жолдама алады. Универсиада қарсаңында шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасының бас бапкері қызметіне белгілі маман Ғалым Мәмбетәлиев тағайындалды. Бас бапкер құрама сапында ойнайтын хоккейшілер тізімін жариялады. Оған 19 алаңдағы хоккейшілер мен үш қақпашы кірді. Қақпашылар: Роман Калмыков, Андрей Шутов (екеуі де «Номад»), Денис Каратаев («Сарыарка»); Қорғаушылар: Данил Бутенко, Мади Диханбек, Артём Королёв, Кирилл Никитин, Абылайхан Сүлейменов (бәрі «Номад»), Иван Гавриленко («Сарыарка»), Кирилл Полохов («Арлан»); Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Али Касенов, Всеволод Логвин, Абай Манғысбаев, Батырлан Мұратов, Максим Мухаметов, Алдияр Нұрлан, Алихан Өмәрбеков (бәрі «Номад»), Саян Данияр, Руслан Дёмин («Сарыарка»), Максим Мусоров («Химик», ВХЛ). Қазақстан студенттер құрамасының қатысуымен өтетін ойын кестесі төмендегідей: 13 қаңтар, 00:00. Оңтүстік Корея – Қазақстан; 13 қаңтар, 20:30. Қазақстан – Венгрия; 16 қаңтар, 07:00. Қазақстан – Ұлыбритания; 17 қаңтар, 03:30. Қазақстан – Словакия; 18 қаңтар, 20:30. АҚШ – Қазақстан.

Ермек Сахариев
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1103
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7150
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11001
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7213
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7358