Орталық Барлау Басқармасының бұрынғы басшысы, армия генералы Дэвид Петреус: «Біз Ресейдің Украинадағы майдан даласындағы және Қырымдағы көзімізге түскен және анықтаған барлық конвенционалды күштерін тас-талқан етеміз. Оның ішінде Қара теңіздегі ресейлік кемелерді де нысанаға аламыз. Осылайша Ресейдің Украинадағы әскерін талқандап, флотын түгел суға батырамыз. Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолданса, АҚШ пен НАТО әскері осылай жауап береді. АҚШ пен оның одақтастарына қарымта ядролық қару қолданбай-ақ, осындай әскери қадам жасау жеткілікті болмақ», – деп мәлімдеді.