Ақтауда коммуналдық базар мен автовокзалдың құрылысы басталды

Ақтауда коммуналдық базар мен автовокзалдың құрылысы басталды

Бүгін 15 желтоқсан күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтауда коммуналдық базар мен автовокзалдың құрылысы басталды. Орталықта жергілікті шаруаларға өз өнімдерін делдалсыз сатуы үшін сауда орындары ұсынылып, қалааралық және қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсететін көліктер тұрағы болады, - деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қыркүйекте Маңғыстау облысына келген сапарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиында инфляция деңгейінің жоғары екенін, мұның азық-түлік тауарлары бағасының тез өсуіне әсер етіп жатқанын атап өткен еді.

Азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне толық қол жетімді әрі ретке келтірілген сауда алаңдарын ашу керектігін тапсырған болатын. 


- Облыс әкімі Президент тапсырмасына сәйкес бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Құны 1,5 млрд. теңге болатын жобаны жүзеге асыратын инвесторлар табылып, 36 шағын ауданнан жер учаскесі берілді. Жобаның басты мақсаты – бәсекелестікті арттыру арқылы азық-түлік бағаларының негізсіз өсуін болдырмау. Бұл өз кезегінде делдалсыз өнім сату арқылы тұтынушылар үшін бағаны тұрақтандыруға оң әсер етеді. Мұнда салынатын құрғақ қойма, тоңазытқыш және мұздатқыш қоймаларға жылына 73 мың тонна өнім сақталатын болады. Инвестор жоба аясында 250 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде,-деді Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов.

 

Жалпы ауданы 15 га тұратын орталықтың 9,4 га коммуналдық базар үшін,  5,6 га автовокзал үшін бөлінген. Қала бойынша бүгінгі күнге дейін қалалық және қалаларалық бағытта қатынайтын қоғамдық көліктер үшін автовокзал болған жоқ. Сыйымдылығы 750 орындық автовокзалда жолаушылар терминалы да бой көтереді. Терминал бір уақытта 500 адамға дейін қабылдай алады. Осылайша аймақтың логистика саласының дамуына оң әсерін тигізбек. 

 

Коммуналдық базар мен автовокзал 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

15.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 495

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807