Ақтауда көп балалы отбасылар баспаналы болды

Ақтауда көп балалы отбасылар баспаналы болды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі тұсында Ақтаудағы 53 көп балалы отбасыға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтер кілті табысталды,-деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

   

2 бөлмелі жалдамалы жаңа пәтерлер облыс орталығындағы жаңа бой көтерген 19 шағынауданнан берілді. 

   

Баспана кілтін табыстаған қала әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов:

  • Бүгін бәріміз үшін де үлкен әрі қуанышты оқиға. Еліміз тәуелсіздігін алғалы халықты баспанамен қамтудың бірнеше бағдарламасы жасалды. Үй алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды. Осылайша мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Елбасының әрбір қазақстандық мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс деген бастамасын бүгінде Мемлекет басшысы сәтті жалғастырып келеді.

   

Міне, бүгін тағы бірнеше отбасының қуанышына куә болып тұрмыз. Бүгінгі жалдамалы баспана жекешелендіруге жатпайды. Ай сайын заңмен белгіленген мөлшерде аз сома төлейді. Жаңа шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын - деді. 


Көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекет қазынасынан 790 млн теңге қаражат бөлінді. Осы мақсатта қала әкімдігі кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 53 тұрғын үй сатып алып, 2003 жылдан 2013 жылға дейінгі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кезекте тұрған тұрмысы төмен 7 көпбалалы отбасыға табысталды. 

Қалған пәтерлер үшін қабылданған құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

13.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 81
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805