Ақтауды ауыз сумен қамтып отырған МАЭК-тің бүгінгі жағдайы қалай?

Ақтауды ауыз сумен қамтып отырған МАЭК-тің бүгінгі жағдайы қалай?

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "МАЭК – Қазатомөнеркәсіп" ЖШС өндірістік нысанның жұмысымен танысты.

Қазіргі уақытта "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Ақтау қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендерге электр энергиясын және жылу берумен қатар, ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз етеді. Тұтынушылардың саны - 205 мыңнан астам. Зауыт тәулігіне 52 мың текше метр тұщы су өндіреді, бірақ бұл көрсеткіш әлі де жеткіліксіз.

 

Қазіргі уақытта зауытта 9 су тұщыту қондырғысы жұмыс істеуде. Олардың төртеуі жаңа қондырғы. Алдағы уақытта халықты ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жалпы қуаты тәулігіне 24 мың текше метр болатын жаңа су тұщыту қондырғысын орнату жоспарлануда.

Бұдан басқа, халықты ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін бұрыннан жұмыс істеп тұрған су тұщыту қондырғыларының әрқайсысының қуатын 12 мың текше метрге арттыру көзделіп отыр. 

Өндірістің жағдайымен танысқан өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

- Су тұщыту қондырғыларының өнімділігі мен қуатын арттыру жұмыстарын жүргізу қажет. Тозығы жеткен қондырғыларға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша кешенді жоспар әзірлеу керек. Сондай-ақ теңіз деңгейінің өзгеруіне қарамастан тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мердігер ұйыммен бірлесіп су тарту каналында жұмыстарды жандандыруды қамтамасыз ету қажет.  Сондай-ақ, "МАЭК - Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жылу және су құбыры желілерін иеліктен шығару процесін жеделдету қажет", - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

 

Айта кету керек, мұндай қондырғыларды пайдаланудың нормативтік мерзімі 20 жылды құрайды, нақты пайдалану мерзімі — 31 жылдан 40 жылға дейін. Соған қарамастан олар салыстырмалы түрде жарамды техникалық күйде өнім өндіруді жалғастыруда.

 

Кәсіпорын су өндіру қуатының төмендігінен жыл сайын халыққа ауыз суды белгіленген кестемен  беруге мәжбүр.

Гульмира АБИШЕВА ФБ парақшасынан
27.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 69
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 178
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 182
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 399
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 362
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 980

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661