Ақтөбе облысында тоғыз айдың ішінде 625​ мың шаршы метрдей баспана салынды

Ақтөбе облысында тоғыз айдың ішінде 625​ мың шаршы метрдей баспана салынды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірдің биылғы қаңтар-қыркүйек айларының аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралды.

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева баяндама жасады.

«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өсімі - 104,8%, өндірілген өнім көлемі - 1,5 триллиона теңге”»,- деді Г.Сүйінтаева.

Құрылыс секторы103,4 % болып, тұрақты әрі жоғары қарқынды өсім қамтамасыз етілген, соның ішінде 624,8 м2 (112%) баспана пайдалануға берілді. Негізгі капиталға түсетін инвестиция көлемі 130,5% немесе 557,6 миллиард теңге.

Оңдасын Оразалин сондай-ақ, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне экономиканың барлық салаларына инвестиция тартуға ерекше назар аударуды тапсырды.

«Жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі кемінде 104,1 %-ды құрау керек. Осы мақсатқа қол жеткізу – біздің ортақ міндетіміз»,- деді Оңдасын Оразалин.

Бұдан өзге, өңір басшысы эпидемиологиялық жағдайды, COVID-19-ға қарсы екпе алу барысын бақылауда ұстауды және осы ауру көбейген жағдайда үнемі дайын болуды тапсырды.

13.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5564
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5711
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22776