Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде облысының Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өртке қарсы қызметтің бөлімшелеріне арнайы техниканы салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті.

 

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ТЖД қызметкерлері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ​ құтқару қызметтері басқа мемлекеттік органдар арасында жүзеге асырылатын мемлекеттің ажырамас әрі бірден бір маңызды қызметі.

Соңғы жылдары Төтенше жағдайлар депатаменті қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылып жүр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Сіздерді республикамыздың келе жатқан басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Жанкешті еңбектеріңіз бен құтқарылған өмірлер үшін алғыс айтамын»,- деді шараны ашқан облыс әкімі.

Өртке қарсы қызмет бөлімшелері барлығы 35 бірлік жаңа техника алды. Олардың ішінде 22 КамАЗ маркалы өрт сөндіру автоцистернасы, құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрт немесе апат орындарын жарықтандыруға, үйінділерді бөлшектеуге, жүктерді көтеруге, суды сорып алуға арналған авариялық-құтқару автомобилі бар.

Биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін биіктігі 63 метрді құрайтын 1 АКП-63 автомобилі сатып алынды. Бұдан бөлек, құтқарушыларға өтімділігі жоғары екі вахталық автомобиль,​ ​ төрт бірлік жол талғамайтын көлік пен Урал а/м базасындағы 1 кран берілді.

ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев: «Техника облыстық әкімдік пен өнеркәсіпті дамыту қорының арқасында сатып алынды. 12 бірлік жаңа техника аудандарға жіберіледі. Жалпы, техника паркі жылда жаңарып отырады. Облыс әкімінің қолдауымен биыл Ақтөбеде, сонымен қатар, Қобда мен Ембіде бес депоның құрылысы басталды. Қобдадағы нысан аяқталды, қалғандары жыл соңына дейін бітеді. Келер жылға да үлкен жоспарлар бар. Мәселен, «Нұр-Ақтөбеде» көктемге қарай жаңа депоны салып бітірулері керек»,- деп атап өтті.

Шара соңында ТЖД қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

10.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 82
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805