Ақтөбеде 502 мың гектарға дақыл себіледі

Ақтөбеде 502 мың гектарға дақыл себіледі

Ақтөбе облысында егін егу жұмыстары 98 %-ға аяқталды.          7 маусым күні өткен аппарат жиынында облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі егін егу науқанын барынша тездетуді тапсырды. 

Биыл облыс бойынша 502 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын себу жоспарланып отыр. Ауа райы егін егу барысына айтарлықтай әсер етті. Мамыр айының II-III онкүндігінде облыс бойынша орташа есеппен 2,5 есеге дейін нормадан артық жауын-шашын түсіп, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан егіс жұмыстарының қарқыны баяулады.

– Біздің егіс жұмыстарын аяқтауға әлі де уақытымыз бар. Егер тездетпесек, күзде жаңбыр ерте басталса, егін жинауда қиындықтар болуы мүмкін. Әр қожалықтағы егін егу барысын бақылаңыздар. Егін егу жұмыстары кешеуілдесе де, ылғал қоры бар, тұқыммен және жанар-жағармай материалдарымен қамтуда проблема болмайды – жақсы егін алуға мүмкіндік бар. Шабындықты да уақытылы ұйымдастыру керек, –  деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

Шаруашылық құрылымдары жұмыс қарқынын арттыра отырып, тәулігіне 32 мың гектар жерге дейін егу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде бүгінге дейін 492,0 мың гектар жерге дән себілді. Бұл – жоспарланған алаңның жалпы көлемінің 98 пайызы.  Жалпы егіс жұмыстарының барысы бақылауға алынып, 10 маусымға дейін толық аяқталатын болады.

Ауылшаруашылығы құрылымдарын қолдау мақсатында өсімдік шаруашылығы бойынша жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңгеге субсидия төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаражат  тұқым, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер бағасын арзандатуға арналған.

 

М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 62
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9087
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8485
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11713
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9479
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10694