Ақтөбеде «Әдебиет. Рух. Қоғам» дәстүрлі республикалық әдеби форумы басталды

Ақтөбеде «Әдебиет. Рух. Қоғам» дәстүрлі республикалық әдеби форумы басталды

Форум төртінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен танымал сөз шеберлері мен жаңадан шығып келе жатқан ақын-жазушылардың басын қосып келеді. Биыл форумға Илья Жақанов, Асанәлі Әшімов, Өмірзақ Озғанбаев, Жүрсін Ерман, Алтынбек Қоразбаев, Тынымбай Қарин, Бауыржан Жақып, Ақұштап Бақтыгереева және басқа да мәдениет қайраткерлері жиналды. 

 

Форум қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталыпәрі қарай форумның негізгі жиыны өтті.

 

«Мәдениет пен әдебиет – ұлт айнасы. Биыл облыста бұл бағытта көптеген маңызды істер атқарылды. Форум мәдениет пен қазақ әдебиетін дамытуға бағытталған жұмыстың бір парасы ғана. Барлық қатысушыларға қолдау білдіріп, форумға қатысқандары үшін алғыс айтамын. Бұл азаматтарымыздың ұлттық болмысының қалыптасуына оң ықпал ететіні сөзсіз», - деді форумды ашқан Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 

«Ақтөбе облысында әдебиетке ерекше көңіл бөлінеді. Бұл руханият пен болашаққа бастар жол. Киелі Ақтөбе топырағы Тахауи Ахтанов бастаған қазақ әдебиетінің танымал классиктерін өсіріп шығарды. Шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің әлі де бір емес, бірнеше буыны тәрбиеленеді. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қолдауымен облыс әдебиеттің алтын бесігіне айналады деуге толық негіз бар», – деді ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.

 

Өңір басшысы форум аясында өтіп жатқан республикалық әдеби байқаудың 10 номинантына Тахауи Ахтанов, Тобық Жармағанбетов, Үмбетбай Уайдин, Сағи Жиенбаев сынды көрнекті ақтөбелік ақын-жазушылар атындағы шәкіртақы тағайындады. Әрбір үміткерге 1 миллион теңгеден берілді.

Айта кетейік, ең жас номинат Әлихан Жақсылықов өз шәкіртақысына ақын Әділ Ботпанов туралы деректі фильм түсіретінін айтты. 

 

«Ақтөбе облысында өнер мен әдебиетке, жалпы мәдениет саласына үлкен қолдау бар. Осындай іс-шаралар арқылы облыс тұрғындарының рухани-адамгершілік тәрбиесі мен дамуына, жалпы ел болашағына зор үлес қосады», - деді Т.Ахтанов атындағы стипендия иегері Сұлтанәлі Балғабаев.

 

Екі күн ішінде Ақтөбеде бірқатар іс-шаралар өткізіліп, қатысушылар қоғамның рухани-адамгершілік дамуындағы әдебиеттің рөлін, көркем әдебиетті насихаттаудың өзекті мәселелерін, жас жазушылар мен ақындардың көтерген ұсыныстарын талқылайды.

 

Форум аясында ғылыми-тәжірибелік конференцияреспубликалық ақындар айтысы, Есет батыр Көкіұлының 355жылдығына арналған іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар, ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті көсемі Сырым Датұлының 280 жылдығына арналған «Тар кезең» тарихи қойылымының премьерасы көрсетіледі.

Ақтөбе облысының баспасөз қызметі
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 255
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 388
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 385
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 615
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 558

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9260
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8656
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11883
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9654
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10865