Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды.

Ақтөбеде «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені ашылды.

25 желтоқсан, сенбі күні Ақтөбеде Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтарға арналған «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.

Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Темірбек Жүргенов пен Ұзақбай Құлымбетовтің туыстары, қоғам қайраткерлері мен өңірдің ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.

   

Айта кетейік, кешеннің ашылуына «Алаш ұраны» гимні орындалып, «Алаш» партиясының туы көтерілді.

«Ең қилы кезеңдерде халқымыздың жігері жасып, қайраты қайтқан жоқ. Азаттық жолында құрбан болған асыл азаматтардың ерлігі арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сөйтіп тарихтың көлеңкелі тұстарын қайта зерделеп, жоғалған рухани құндылықтарды қалпына келтіруді қолға алдық.

Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды ұлықтап, олардың тауқыметке толы тағдырынан тағылым алуға тиіс.

Тарихтан тағылым алмағандар үшін қасырет әрдайым қайталанады. Бүгінгі «Азаттықтың ақ таңы» тарихи кешені Тәуелсіздік жолында күрескен Алаш қайраткерлеріне, олардың мұрасына деген адалдығымызды аңғарту мақсатында ашылып отыр!

Сан ғасырлар армандаған тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі ұрпақ бабалар рухына бас иіп, тағзым етеді.

Тарихи жадымызды жаңғыртуға бағытталған ісіміз оңынан болсын!», - деді Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде.

Мемориалдық кешенге «Алаш» партиясының Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жаханшы Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Телжан Шонанов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Мұхамеджан Тынышбаев сынды белгілі қайраткерлерінің барельефті бейнелері бар.

Әлия Молдағұлова мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында орналасқан рельефті композицияның биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 7 метр.

Жоба авторы – мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

Шара соңында қонақтар мемориалды кешенге гүл шоқтарын қойды.

25.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803