Ақтөбеде «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум өтті.

Ақтөбеде  «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум өтті.

27 қазан күні Ақтөбеде «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум өтті. Форум қорытынды жасап, жұртшылықты құқықтық тәртіпті қорғауға және қоғамда құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға байланысты әрі қарайғы жоспарларды талқылайтын диалог алаңына айналды. 

Форумды ұйымдастырған – Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық прокуратура.

Оның жұмысына өңір басшысы Оңдасын Оразалин, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат хатшылары, құқықбұзушылықтың  алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері, облыстық Қоғамдық кеңес өкілдері, облыстың жоғарғы оқу орындарының, ұйымдар мен кәсіпорындарының басшылары қатысты. Облыс аудандарының делегаттары форумға онлайн түрде қатысты. 

2019 жылы Ақтөбе облысында қоғамды құқықбұзушылықтың алдын алуға тартатын, елде баламасы жоқ бірегей жоба басталған болатын. Жоба ведомствоаралық жоспар түрінде жүзеге асырылуда. Онда мемлекеттік органдардың жұртшылықпен өзара әрекет етуі, халық жасағын құру, жастардың еріктілер қозғалысы желісін дамыту, қоғамдық бірлестіктерді, жоғары оқу орындары мен еңбек ұжымдарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарға тарту қарастырылған.

Облыс әкімі: «Жоспарға сәйкес қоғамдық көмекшілер институтын қайта жаңғырту шаралары да тұрғындар тарапынан оң қабылданды. Пилоттық режимде аудандар анықталып, қоғамдық көмекшілермен бірлесе рейдтік шаралар жүргізіле бастады. Жалпы ұлттық құқықбұзушылықтың алдын алуда мыңға жуық азамат қоғамдық көмекшілермен бірге рейдтік шараларға қатысқан және олардың қатысуымен 600-ге жуық құқықбұзушылық анықталып отыр, яғни осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі бар»,- деп атап өтті.

Қылмыстың алдын алуда қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, елді мекендерді жарықтандыру жағы да маңызды.

«Өздеріңіз байқаған боларсыздар, соңғы кездері қаламыздағы көптеген аулалардың абаттандырылып, жарықтандырылып, көшелердің жөнделуіне ерекше мән беріп келемін. Әсіресе, Теміржол вокзалы маңындағы үйлердің аулалары көп жылдардан бері жарықсыз, қараусыз қалып, түрлі қылмыстың ошағына айналған болатын. Жыл басынан бері жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесі ретінде осы аудандағы бірқатар аулалар абаттандырылып, көшелер жөнделіп, балалар алаңдары, жарықшамдары орнатылды. Бұл осы ауданда болатын түрлі қылмыстың алдын алуда пайдасы өте көп. Жалпы қаламыздың қауіпсіздігі, тұрғындардың құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамай жұмыла атсалысуы, айналамыздың тазалығын сақтау ортақ іс. Бүгінгі форум бірлескен жұмыстың басы, алдағы уақытта жалғасын табады деп сенемін»,- деді облыс әкімі.

Жоба аясында азаматтық қоғам институттарын тарту қалалық аумақтарды патрульдеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және облыс аудандарында қылмыстың криминологиялық талдауын жасау сияқты үш негізгі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. 

Прокуратураның мәліметі бойынша, жобаны жүзеге асыру оң нәтижесін берген. 

«Биыл жоба қамтыған қоғамдық орындар мен жайсыз отбасыларда қылмыстың төмендегені немесе жоқтығы байқалады. Мәртөк ауданындағы криминологиялық талдаудың ұсыныстарын орындау да аудандағы қылмыстың барлық түрін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді»,- деді облыс прокуроры Марат Қайыбжанов.

Айта кетейік, криминологиялық талдау қазіргі таңда облыстың басқа аудандарында да жүргізіліп жатыр. 

Форумда белсенді қоғамдық көмекшілер мен олардың жетекшілері марапатталып, Ақтөбе хром қосындылары зауытының қызметкерлері қаладағы аудандардың бірін патрульдеуге белсенді қатысып жүргендігі айтылды. Бүгінде кәсіпорындармен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қызметкерлерді бөлу жөнінде барлығы 15 меморандум жасалған. Аталған жобаға тағы 80 кәсіпорынды тарту жоспарлары бар. Аталмыш жобаға жуырда тағы сексендей кәсіпорын қосылады деп жоспарланып отыр.

27.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 106
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 119
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 208
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 346
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 347
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 578
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 521

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9226
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8622
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11848
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9618
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10831