АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Ақтөбеде Қарғалы қалалық ауруханасының хирургиялық блогының құрамына кіретін жаңа травматологиялық бөлімше ашылды. Мамандар денесінің соғылуы және сынуы бар пациенттерге қызмет көрсете бастады.
Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған стандартқа сәйкес зардап шеккендерге уақтылы көмек көрсету үшін шұғыл травматологиялық көмек желісін, әсіресе, апаттылығы жоғары республикалық трассаларға жақын орналасқан елді мекендерде кеңейту көзделеді.
Осыған байланысты екінші жарақат пункті халық тығыз қоныстанған Есет батырдың 300 мың адам тұратын тұрғын алабында орналасқан, деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасы.
Мұнда республикалық маңызы бар Самара-Шымкент трассасында ЖКО-дан кейін пациенттерге алғашқы травматологиялық көмек көрсетуге ниетті. Қажет болған жағдайда пациенттер хирургиялық немесе реанимациялық бөлімшелерге емдеуге жатқызылады, ал ұсақ жарақаттар кезінде көпбейіндң облыстық ауруханаға жеткізіледі.
Жарақат пункті науқастарды тәулік бойы қабылдайды, мұнда тәжірибелі бейінді мамандар жұмыс істейді. Бөлімше қажетті рентген жабдықтарымен, ультрадыбыстық аппаратпен, таңу және шокқа қарсы кабинеттермен жабдықталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6329
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5767
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8963
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6761
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7966