Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ маусымы аяқталды

Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ маусымы аяқталды

«Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ жұмыс маусымының жабылуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Жасыл ел» штабының өкілдері, еңбек жасағының сарбаздары, ЖОО студенттері мен колледж оқушылары қатысты.  

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов маусымды қорытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.  

«Жасыл ел» -  жалпықазақстандық қозғалысқа айналған ауқымды жобалардың бірі. Ол жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуға баулиды.  Біз жастардың бойында экомәдениетті қалыптастырып, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алғанда ғана адамзат, болашақ ұрпақтың дені сау болады, табиғатқа қамқорлық артады. Жоба өте маңызды, алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.  

«Жасыл ел» жобасы биыл облыс бойынша 4 мыңға жуық еңбекшіл жастың басын қосты. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш.  

Жарты жылда сарбаздар көгалдандыру, аумақтарды, саябақтарды абаттандыру жұмыстарына, тақырыптық іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық акциялар ұйымдастырды. Сондай-ақ, құрылыс алаңдарында жұмыс істеді.

 

Ералы Тоғжанов салтанатты шарада жобаға атсалысқан 30 жауынгерге алғыс хаттармен марапаттап, Астана қаласына үшкүндік саяхатқа жолдама берді.  

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616