Ақтөбеде жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға жаңа пәтер кілттері берілді.

Ақтөбеде жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға жаңа пәтер кілттері берілді.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында отыз аз қамтылған жанұя мен жетім балаларға Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабында салынған үйден жаңа пәтерлердің кілттері берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

 

 

Облыс әкімі ақтөбеліктерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жаңа қоныс иелерінің үйлеріне татулық пен молшылық тіледі.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қиындықтар аз  болған жоқ. Біз оларды Елбасының көреген саясатының, оның халыққа деген сенімі мен еңбекқорлығының арқасында  жеңе алдық.

Экономика нығайып, инвестиция келді, кәсіпкерлік дамыды және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік пайда болды. Қазіргі таңда Ақтөбеде 24 мың жерлесіміз үй кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықтың әл ауқатын көтеру және оларды баспанамен қамту шаралары қабылдануда. Биыл облыста 1 млн-нан астам шаршы метр пайдалануға берілді. Бүгін осы үй пайдалануға беріліп отыр, оның отыз пәтері кезекте тұрғандарға тигені қуантады. Жыл соңына дейін Ақтөбе мен облыс аудандарында тағы да осындай үйлер беріледі",- деді О.Оразалин.

Ұлмекен Аққасанованың көпбалалы жанұясы баспаналарын ұзақ жылдар бойы күткен. Бүгінде ол кең әрі жарық үш бөлмелі пәтерге ие болды.

 

"Біздің төрт баламыз бар, үлкенім 18-де, кенжеміз 8-де. Президентке, облыс басшылығына рахмет айтамын. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрдық, туыстарымызды паналадық. Оңай болған жоқ, енді өзіміздің баспанамыз бар",- дейді қуанышымен бөліскен Ұлмекен Аққасанова.

Айта кетейік, жыл соңына дейін облыс бойынша бірнеше ондаған мұқтаж көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарда бар.

Облыс әкімі сол күні «Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС-нің «Ақтөбе» индустриалды аймағында орналасқан керамикалық гранит пен керамикалық тақтай шығаратын зауытында болды. 

 

«Қазіргі таңда өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды, зауыт өз қуаттылығының жартысында жұмыс жасайды. Өнімдерін сату басталды, 50 пайызына дейін Ресейге экспорттау жоспарда бар. Шикізаттың жартысы – жергілікті. Бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Келесі жылы наурыз айында екінші кезеңі жүзеге асырылып, зауыт толықтай іске қосылғанда қызметкерлері шамамен 120 адамға көбейеді»,- дейді өндіріс директоры Ерлан Тілеуқабылов.

Облыс әкімі құзырлы органдарға  импорт алмастыруды және экспорттық тауарларды өндіруді мақсат еткен кәсіпорындарға жан жақты қолдау көрсетуді тапсырды. 

   

О.Оразалин: «Біз осындай кәсіпорындарды көбейтуге жұмыстануымыз керек. Сол үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдау бар, мемлекеттік бағдарламалар бар»,- деп атап өтті. 

«Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС зауытын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салған. Жылына 5 млн м2 өнім шығаратын кәсіпорында Италиядан әкелінген алдыңғы қатарлы жабдық орнатылған. Жобаға құйылған инвестицияның жалпы көлемі - 9,2 млрд. теңге.

Бұдан бөлек, өңір басшысы биыл күрделі жөндеуден өткен «Сазды» мәдениет үйінің ғимаратын қарап шықты. 1990 жылы салынған ғимараттың шатыры, жылыту және электрмен жабдықтау жүйелері алмастырылып, қасбеті жаңартылды, ауласы абаттандырылды. 

 

 

Облыс әкімі мәдениет үйінің қызметімен танысып, қызметкерлері мен үйірмелерге барып жүрген балаларды келе жатқан Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады.

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында, еліміздің жеткен жетістіктерінде Тұңғыш Президенттің рөлі баға жетпес. Осыны ешқашан ұмытпай, осы шындықты өскелең ұрпаққа жеткізіңдер»,- деді Оңдасын Оразалин.

 

30.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 555
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813