АҚЫЛДЫҢ АЛЖАСУЫ немесе «ми разом переможемо!»

АҚЫЛДЫҢ  АЛЖАСУЫ немесе «ми разом переможемо!»

Күштінің әлсізді бейбіт жолмен отарлауының мысалы баршылық. Мәселен Африка мен Латын Америкасындағы елдер кезінде  Ұлыбритания, Франция және басқа Еуропа елдерінің бодандығынан қарулы күрестің арқасында ғана еркіндік алды дегенмен келісу әсте қиын. Саяси және экономикалық, оның ішінде технологиялық тәуелділік торында тыпырлаған елдерді тікелей басқарудың отаршылдар үшін керегі шамалы болатын. Онсыз да алатынын алып отырса, «қара құрылыққа» қамалып несі бар?!

Олай болса, отаршылдардың «бұғалыққа басы сыймаған» құлдарының   кісендерін шешіп, алдап-сулап, «ұзын арқан – кең тұсау» саясатқа көшуі әбден түсінікті. Оның да мысалдарын алыстан іздеудің  керегі жоқ. Басқасы өз алдына, бізде Ана тіліміздің отыз жыл бойы төрге шыға алмай қойғаны да империалистік ықпалдың салдары екені анық. Елордамызда 2010-жылдардың басында  мемлекеттік қызмет маңдайшалары қазақша ғана жазылып, автобус аялдамалары тек қазақша  хабарланатын еді.

Бірақ бұл еркіндік ұлыдержавалық шовинизмнің жынына тиген.  Қуанышымыз ұзаққа бармады: 2012, әлде  2013 жылы өткен Қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясында бұрынғы мемлекет басшысы ұлттық біртектілікке деген әділетті ұмтылысты қатаң сынға алып, тыйым салғаны есімізде. Әйтпесе, аударуға жатпайтын атауларды шүлдірлеп, қосымша баяндау мазақ емей немене? Мәселен, «Абылайхан» немесе «Әуезов аялдамасы» деп айтқанды түсінбеу мүмкін бе, тіпті?! 

Ең масқарасы, «ет – мясо, май – масло» деп жазу да екітілділік көрінеді екен! Бұл, жұмсартып айтқанда, ал шындығында, өзгені, яки Ресей билігін өкпелетіп алмайық деп, өзіңді өзекке тебу екені сөзсіз. Қазір, әйтеуір, жаңа Қазақстан құру жолында осы мазақ пен күлкіден құтыламыз-ау деген үміт оты жылт еткендей. Ауызбірлігіміз мықты болса, үш ғасырлық бодандық зардабынан құтылатын күн де туар. «Біз бірге болсақ, жеңеміз!» - дейді украиндықтар, яғни «Ми разом переможемо!». 

Әрине, біз де украиндардан еш кем емеспіз, елімізді жан аямай қорғай аламыз. Әлеуметтік желідегі соғыс қаупіне қатысты ашу-ызаға толы сөздер сол елжандылықтың, батыр бабалар рухының алмас қылыштай жарқ етер қуатының айғағы. Әсіресе, біздің қыздарымыздың ер-азаматтарды қапы қалмауға шақырған әңгімелері намысты қайрайды. Алпыстан асқандардың жастарды босқа қырып алмау үшін ерікті армия қатарына онлайн тіркеліп, офлайн шайқасуға тілек білдіріп жатқандары да баршылық.

Дегенмен саясатшылардың қазақты, барша адамзатты құдіреті күшті Алла Тағаланың бейбіт аспан астында өмір сүру үшін жаратқанын есте ұстағандары абзал. Жүздеген шақырым жерде отырып-ақ жан беріп, жан алысатын кезеңде біздің әскеріміздің заманауи техника мен оның тілін білетін мамандарға зәру екенін белгілі. «Оқ жетпес жерге қылыш шабу» - ұрпақты көпе-көрінеу отқа тастау  ғой. Олай болса, қантөгіске арандатпайтын алғыр саясатқа не жетсін! 

Соғыс – алжасқан ақыл апаты! Өркениет дәуірінде тұтас ұлтты қырғынға ұшырату азғындық емей немене? Мұндайды біз, ұлы даланың азаттықты құл тірліктен жоғары қоятын, адам ары мен жанын ардақ тұтатын ұлдары еш түсінбейміз. Ұлы Абайдың осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы аманаты еріксіз тәнті етеді: «Махаббатпен жаратқан адамзатты. Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 

   Және сүй хақ жолы осы деп ғаділетті».  Осыдан артық адамгершілік өнегесі болар ма?! Хакім Абай өсиетін кемеңгер Шәкәрім іліп әкетіп, ақынның «Ажалсыз әскер» өлеңі санымызда жаңғырады: «Патшалар сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін әскерін. Аямай бірін-бірі қырады, Ел алар оққа байлап жастарын» немесе «Тұрақсыз шыр айналған дүние, Жұтады бәрінің бастарын. Ел түгіл, жерлеріне кім ие, Айтпасаң моласының тастарын». Халық соғыс өртін тұтатқандарға қашан да лағынет айтқан және құр айбат шегіп қана қоймай, ел-жұртын қорғауға сақадай сай тұрған. 

Біз арттарына «өлмейтұғын», тіпті «қартаймайтын» асыл мұра қалдырған Абай мен Шәкәрімнің, Құрманғазы мен Жамбылдың ұрпақтары барша адам баласын бауырымыздай көреміз. Біз де бірге болсақ, жеңеміз! Жаңа Қазақстан қазақ халқы ұйыстырған барша қазақстандықтардың жаңаша ұстанымы мен ерік-жігерінің арқасында құрылады. Ал, барша адам баласының жұдырықтай жұмылып, өлім ошағын өз апанында тұншықтыратын күн де алыс емес! 

Қос халықтың діни мейрамдары – Пасха уақытында адамдарды жалмаған соғыс өртін «өшіре» тұру туралы ұсынысты басқыншы мемлекет қабылдамай, өзінің жалмауыз сиқын әшкереледі. Бұл аздай Ресей әскерінің БҰҰ-ның Бас хатшысы А.Гутерреш жүргенде Киевті ракетамен төмпештеуі әлем жұртшылығының жағасын ұстатты. Мұндай көршіден еш жақсылық күтуге болмасы түсінікті. Олай болса, 9 Мамырды – Жеңіс күні деп жалаулатпай-ақ, «Еске алу» немесе «Зерде күні» ретінде атап өтетін уақыт келді.

Болат ЖҮНІСБЕКОВ, жазушы
05.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

Балалар қауіпсіздігі басты назарда
Жамбыл облысы әкімдігі - 25.11.2024 3
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 87
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 122
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 121
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 87
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 232
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 235
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 448
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 410

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9108
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8505
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11734
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9500
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10714