Ақынның ауданы ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Ақынның ауданы ескерткішке гүл шоқтарын қойды
Бүгін - өлеңнен сарай салған Жамбыл Жабаевтың туған күні. Жамбылға деген құрмет ол өлеңге, жырға деген құрмет екені даусыз. Биыл көзі тірісінде лайықты құрметке ие болған ақынның туылғанына 177 жыл толып отыр.
Айтулы датаға орай Жамбыл ауданың әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастаған топ орталық алаңдағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақтың түпсіз терең тарихында есімі білдей бір облысқа берілген жалғыз ақын – Жамбыл Жабаев. Тек қазақтың ғана емес, әлем тарихына көз жүгіртсек, облыстың атын иемденген ақындар аз. Жамбыл бізге сонысымен қымбат, сонысымен ардақты. Ұлы ақынға құрмет көрсету - баршамыздың міндетіміз. Шарада республикаға танымал айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов шәкіртімен бірге жыр дүлділіне арнауын шырқады.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5279
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5439
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20403
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19038
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22502