«Ақжайық» бюджетті қайда жіберді

«Ақжайық» бюджетті қайда жіберді

Қазақстан біріншілігі басталған тұста «Ақжайық» командасы биыл тәуір нәтиже көрсететін шығар, себебі облыстық бюджет қыруар қаржы бөлді ғой деп ойладық. Жанкүйерлер де сондай пікірде еді. Алайда барлығы басқаша болды. «Ақжайық» қазір 13-орында. Премьер-лигада жалпы 14 команда ғана бар. Соңынан санағанда екінші тұрған «Ақжайықтың» ойыншылар құрамына көз жүгіртсек, таң қаламыз. Барлығы кілең легионерлер. Бас бапкері де украиналық маман. Батыс Қазақстан облысының беткеұстар командасының екі қақпашысы да сырттан келген. Сонда жергілікті футбол мектебі 1 қақпашы тәрбиелей алмағаны ма? Қорғаушы Виталий Приндета – украина футбол мектебінің түлегі. Ол 11 ойында алаңға шықты.

Алайда осы ойыншының орнына жергілікті жас футболшыны шығарса да, «Ақжайықтың» нәтижесі өзгере қоймас еді. Одан кейін жасы 33-ке келген Сергей Шустиков деген қорғаушы бар. Жартылай қорғаушы Мате Црнцевичті «Ақжайық» қандай мақсатпен өз қосынына қосып алғаны түсініксіз. Бұл ойыншы негізі «Ақтөбемен» келісімшартқа отырған. Маусым басында «Ақжайық» оны жалға алды. Хорватиялық футболшы алаңға 5 рет қана шықты. Себебі деңгейі өте төмен. Шамасы кәсіпқой футбол ойнамаған ойыншы болуы да ғажап емес. Ал енді грузиялық шабуылшы Лука Имнадзе туралы айтайық. Сәл тырысып, алаңға шығып, командаға көмектескісі келіп жүрген ойыншы деп айтуға болады. Бірақ көрсеткіштері өте төмен. Шабуылшы 11 ойында 1 гол салса, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Сосын, қызуқандылыққа салып, 5 сары қағаз алған. Осындай ойыншыларды жинаған Владимир Мазяр Украинада абыройы бар бапкер емес еді. Оны қызметке шақырған клуб басшылығы сонда футболдан хабары аз болғаны ғой. Айтпақшы, клуб басшысы Азамат Шайхы деген кісі бұрын күреспен айналысқан маман екен.  «Ақжайық» соңғы 7 турда бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ. Соңғы рет олар 24 сәуір күні «Шахтерден» басым түсіпті. Осыншама мерзім ішінде бас бапкерді ауыстырмаған, болмаса клуб басшысын ауыстырмаған әкімдіктің де футболда шаруасы жоқ деген сөз бе? Әлде, Ғали Есқалиевтің басқа ойлағаны бар ма екен?

 

Рауан МУТАИР
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666