Арал проблемасы – ЕҚЫҰ ПА назарында

Арал проблемасы –  ЕҚЫҰ ПА назарында

Сенаттың баспасөз қызметі: «Бирмингем қаласында (Ұлыбритания) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы қатысты.

ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің отырысы барысында Қазақстан делегациясын бастаған Асқар Шәкіров пен Өзбекстан делегациясын бастап келген Садық    Сафоев ұйымды және оған мүше мемлекеттерді Арал теңізін құтқару жөніндегі жобаларды іске асыруға донор болуға шақырып, екі ел парламенттерінің бірлескен үндеуін жария етті», – деп хабарлайды. Сессияға қатысушыларға таратылған құжатта соңғы 60 жылда ең ауқымды жабық су айдынының бұрын-соңды болмаған көлемде азаюына және сортаңдануына назар аударылды. Шаңды дауылдар жыл сайын 100 млн тоннадан астам майда тұзды шаңды, улы тұз бен құмды мыңдаған шақырымға әкетеді, Еуропа елдеріне, Жапон аралдары мен Антарктидаға жеткізіп, мұздықтардың еруі мен мұхит деңгейінің жоғарылауы себептерінің біріне айналып отыр. Онкологиялық аурулар ең жоғары пайызды көрсетіп отырған Орталық Азиядағы Арал өңірі халқының денсаулық жағдайының күрт нашарлауына тұрғылықты жердің экологиялық азып-тозуы себеп болғаны атап өтілді. Экологиялық апаттың ауқымы Арал теңізі бассейніндегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалды сауықтыру жөніндегі проблемаларды кешенді шешу үшін өңірдегі елдердің ғана емес, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру талап ететіні атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев осындай ортақ пікірге шақыруда. Қазақстан делегациясы сессия аясында «Құбылмалы әлем және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында Жаңа Қазақстанды құру» тақырыбы бойынша сайд-ивент ұйымдастырды. Оның барысында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына байланысты негізгі оқиғалар туралы парламенттік қоғамдастық хабардар етілді. 

Ермек Сахариев
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 155
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 153
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 119
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 263
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 266
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 476
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 438

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9137
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8535
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11763
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9530
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10743