Араздыққа себепкер болмаңыздаршы...

Араздыққа себепкер болмаңыздаршы...

Қазір қолы ерінбеген қазақтың кез келгені исламмен алыса беретін болды. «Имамдар ертегі айтады, әйел тақырыбын ғана айтады, анау мынау....» деген сөздер өте көп. Сол сыншылардың көбі тым құрыса, бір рет жұмаға барып,  уағыз тыңдап көргендігіне күмәнім бар. Сөйте тұра ондай адамдардың имамдарды күстәналағанын көп естиміз. Өткенде бір жігіт «имамдар үнемі баяғыдағы сахабаларды мысал ете береді» деді. 

Ал Нұр-Сұлтанның мешіттерінде жұма күні уағыз айтқан имамдар хадистерге қазақтың жыраулары мен би шешендерінің нақыл сөздерін қосып, мақал-мәтелдерімен астастыра отырып сөйлеп жатады. Яғни барынша ұлттық таным, түйсікке жақын тұрғыдан қарастырады. Әлде Нұр-Сұлтаннан басқа жердің мешіттерінде уағыздарды бұлай айтатын имамдар жоқ па?

Менің жеке пікірім имамдарға сын айтудан бұрын жақсылап бақылап, зерттеп алып барып айтсаңыздар. Егер көңіліңіз толмаса, өздеріңіз уағыз айтып шығыңыздар. Себебі ана кісілердің «топастығын» сіз анық біліп тұрсыз ғой. Немесе сол имамға барып жеке өзіне дәріс оқыңыз. Ол сіздей данышпан емес болар. Отырып алып, дін адамдарын жазғыра беру дегеніңіз ұлғая келе ел арасына іріткі салуға ұласып кетуі мүмкін. Қазір онсыз да «мұсылман қазақ, тәңіршіл қазақ, христиан қазақ, иеговашылар...» деп бөлінетін деңгейге жеттік. Бұл тек ағайынды араздастырғаннан өзге ештеңе емес. Ал радикалды діни ағымдардың зияны туралы мамандардың пікірінен құлақ түрейік. Олардың қатерінен ұрпақты сақтандыру ортақ борышымыз. Ал мемлекет рұқсат еткен ҚМДБ мен олардың бақылауында қызмет атқарып жатқан дін қызметкерлерін өзге емес, өзіміздің талап жатқанымыз бізге абырой әпермейді, ағайын!

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803