Ардагер аяқдопшылар алтыннан алқа тақты

Ардагер аяқдопшылар алтыннан алқа тақты
 

Нұр-Сұлтан қаласында кіші футболдан 60 жастан асқан ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге ауданның «Қазфосфат- Намыс» командасы қатысты. Кезінде жасыл алаңға шығып, доп теуіп төселген тәжірибелі жерлестеріміз әлі де бабында екендіктерін байқатты.

Жалпы ел көлеміндегі жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Атырау қалаларымен қатар Бұланды, Қордай аудандарының құрамалары да бақ сынады. Шымкент, Көкшетау қаласынан келген азулы командалардан айласын асырған жерлестеріміз ақтық сында алаң иелері, елордалық КМGPROF құрамасымен кездесті. Шешуші кезеңде мүмкіндікті мүлт жібермеген таластықтар жеңімпаз атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша команда ойыншысы Инаят Қырықбаев «Үздік шабуылшы» атанса, Кәрім Юсупов «Үздік қорғаушы» аталымына лайық деп табылды. Ел чемпионатынан жеңіспен оралған ардагерлерді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, «Игілік» футбол клубының президенті Рашид Сейдалиев қарсы алып, құрмет көрсетті.

 

Нарбол ҚАШАҒАН, журналист. Талас ауданы.
06.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

I love Qaqpatas
Қордай ауданының әкімдігі - 19.08.2022 9
Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады
Қордай ауданының әкімдігі - 18.08.2022 15
Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза Әлижанұлы - 18.08.2022 42
Жамбылда биыл 22 890 оқушы 1-сыныпқа барады
Тараз Жиырма Төрт - 18.08.2022 16
МӘМС – халыққа тиімді жоба
Сұхбаттасқан – Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 18.08.2022 78
Шерхан және Мұсатай
Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - 17.08.2022 187
Әбілқайыр хан және Күсеп батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.к. - 11.08.2022 330
Сіз қандай қариясыз?
Мақұлбек МАЛДАРБЕКОВ, Қазақстанның құрметті журналисі - 11.08.2022 342

Топ жаңалықтар

1
МӘМС – халыққа тиімді жоба
Show more
Сұхбаттасқан – Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2022-08-18 78
2
Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 125
3
Руслан Жақсылықов Мәскеуге барды
Show more
Ермек САХАРИЕВ - 2022-08-18 121
4
Әсерлі саяхат
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2022-08-18 102
5
Мінезді мейіріммен түзеу – мүмкін нәрсе
Show more
Сұхбаттасқан – Голрох Жеменей - 2022-08-17 179