Әріптестеріміз жаңа қызметтерінде абыройлы болғай!

Әріптестеріміз жаңа қызметтерінде абыройлы болғай!

Кеше БАҚ әлемінде жаңалықтардың жылы лебі есті. «Хабар» Агенттігі Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Берік Уәли ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Берік Уәли еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті. 2022 жылы» Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын. Оның орнына іле-шала белгілі журналист Кемелбек Ойшыбаев келді. Екі әріптесіміз де газетіміздің жанашыры. Кемелбек Ойшыбаев кезінде біздің газетімізде Бас редактордың орынбасары болып жұмыс істегенін айта кеткен жөн. «Хабар» Агенттігі Акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқаруға кірістім. Басты мақсатымыз – агенттіктің «Хабар», «Хабар 24», «Ел арна» арналарының телеөнімдерін дамытып, халыққа керекті, қызықты жасау. Жастарымызды тәрбиелеу, ағартушылықпен дұрыс жолға салу бағытында нәтижелі болуымыз үшін интернет желілерінде арналарды конкурентті түрде, қарқынды дамытуымыз керек. Осы мақсаттарға агенттіктің командасымен бірге жету үшін бар күш-қуатымды, тәжірибемді және білімімді жұмсауға дайынмын. Мемлекетіміздің басшылығына, төл министріміз Балаева Аида Ғалымқызына сенім білдіргендері үшін алғыс!» – дейді Кемелбек Бақтығұлұлы. Еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті. Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған. Швейцарияда Geneva Business School (MBA) оқу орнын бітірген. Еңбек жолында түрлі мекемелерде және ондағы бөлімдерде басшылық қызметтер атқарған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған. Иә, тағы да әріптестерімізді құттықтай отырып, жаңа қызметтерінде сәттілік, абырой тілейміз!

«Qazaqstan dauiri» газеті, «ElAna» қоғамдық қоры мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8775
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9158
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10389