«Ашық» НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігінің қаулысында: «Өңірде көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға арналған арнайы комиссия құрылмақ. Комиссияның негізгі міндеті – жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес, азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау. Сонымен қатар, әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады. Комиссия құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiнің, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерi енеді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерiнен құралады. Оның жалпы құрамы жетi адамнан кем болмауға тиiс», – делінген. Құжатты ашық талқылау 27 ақпанға дейін жалғасады.