Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев аппараттық кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік қызметшілерге халықпен жақын болуды, заманауи коммуникация құралдарын кеңінен қолдануды тапсырғанын тілге тиек етті.
— Біз де бұл мәселені күн тәртібінен түсірмей, үнемі бақылауда ұстауға тырысып келеміз. Жасыратыны жоқ, бұрындары әкімнің арнайы қабылдауына жазылатын тұрғындар қазіргі кезде талап-тілектерін әлеуметтік желі арқылы жеткізуді әдетке айналдыруда. Бұл үрдіс өз кезегінде ауылдықтардың уақытын үнемдеп, тиісті басшылармен тікелей байланыс орнатуға жол ашуда.
Нақтырақ айтқанда, аудандағы көрнекі ақпарат құралдарын реттеу, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларының әлеуметтік желідегі кері байланысы, маңызды ақпараттарды дер кезінде жариялау, тұрғындардың талап-тілегіне немқұрайлы қарамау қажет. Алдағы уақытта ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың әлеуметтік желідегі ұсыныс-пікірлеріне, арыз-шағымдарына дер кезінде жауап беріп, кері байланыс орнату жұмыстарынла ақсамайтынына сенімдімін, — деді аудан әкімі өз сөзінде