Арубаев өңірдегі құрылыс жұмыстарын аралады

Арубаев өңірдегі құрылыс жұмыстарын аралады

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысын көріп шықты.

Алдымен Өрнек ауылында болған өңір басшысы ауылдың көрнекі жерінен еңсе тіктеп келе жатқан мәдениет үйінің құрылысына назар аударды.

 "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында  210 млн 481 мың теңгеге еңселі 140 орынды мәдениет үйінің бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары тіктелген.

 «Жаңа-Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған жұмыстарға жергілікті тұрғындар тартылған.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы мердігер өкіліне жинақылықты сақтау, сапаға көңіл бөлу, мерзімінде аяқтау қажеттігнін ескертті.

Мұнан соң аудан әкімі С.Арубаев Бесағаш ауылында болып, аудандық мәндегі "Бесағаш-Юбилейный" жолына төселіп жатқан жол жабындысын көрді.

Асфальт төсеу жұмыстары екі жылға жоспарланған.

Яғни 3,2 шақырым жолдың асфальттау жұмыстарының тең жартысы қараша айында аяқталса, қалған шақырымы келер жылы мәресіне жетпек.

Тұрғындардың ұсыны негізінде жасалып жатқан асфальт жұмыстарында сапаға айрықша назар аударуды, жолдың сараптама қорытытындысы шыққаннан кейін қабылданатынын мердігерге жеткізді.

Құрылыс жұмыстарын аралау кезінде өңір басшысымен бірге орынбасары Нұрлан Несіпбеков, және құрылыс пен жолға жауапты бөлім басшылары болды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
22.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5718
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5863
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20839
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19463
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22928