Арубаевтың қатысуымен өткен апараттық кеңесте 3 мәселе қаралды

Арубаевтың қатысуымен өткен апараттық кеңесте 3 мәселе қаралды

Бүгін Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен алғашқы аппараттық кеңесте күн тәртібіндегі аудандағы  эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстары және наурыз айында өтетін мерекелік іс-шаралар кеңінен талқыланды.


Тиісті сала басшыларының баяндамасын мұқият тыңдаған Сәкен Қаланұлы коронавирус індетін алдын алу жұмыстарына екпін беру қажеттігін алға тартты.

 

– Отбасымызда жақын жандар бар. Олардың денсаулығына барлығымыз жауаптымыз. Тұрғындарға дерттің талаптарын түсіндіру үшін ақпараттық жұмыстарды күшейтумен қатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін кеңінен насихаттауды ауылдық округ әкімдері жеке бақылауына алу керек.

Әлемге жайлаған індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы - екпе. Вакцина ектірудің тиімділігі де назардан тыс қалмауы қажет

 Әз-Наурыз айындағы мерекелік іс-шара кезінде сақтық шараларын назарда ұстауды қадағалаңдар.

Мерекелік шараларда көрсетілетін көмектер негізінен халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталуы қажет, - деді Сәкен Қаланұлы.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
21.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5425
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5579
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20548
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19178
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22638