Арубаевтың қолдауымен екі ауылдағы 57 көше толықтай асфальтталған

Арубаевтың қолдауымен екі ауылдағы 57 көше толықтай асфальтталған

Аудан орталығы – Аса ауылы жылдан-жылға көркейіп, жол жегінен жаңа ғимараттар, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, елді мекеннің шырайын келтіріп, сәнін ашуда. Аудан жұртшылығы үшін қаладан ешқандай айырмашылығы байқалмайтын ауылдық округтегі 2223 аулада (Аса ауылында 2140, Рахат ауылында 83) 13121 тұрғын бар. Ал олардың дүниеге дүрбелең орнатқан аты жаман дерттің алдын алатын екпеге деген көзқарасы ерекше.
Ел ертеңінің қауіпсіздігін, жақынымен саулықта жүздесуін бірінші орынған қойған асалықтардың бүгінде екпе салуға жататындарының 100 пайызы вакцинация қабылдаған.
Округ бойынша жалпы жер көлемі – 7481 гектар. Оның 3643,5 гектары ауыл шаруашылығы алқаптары тиесілі. Жоғарыда атаған екі елді мекенде 57 көше болса, оның ұзындығы 47 км 900 метрді құрайды. Бүгінде Рахат ауылындағы 4 көше, Аса ауылындағы 53 көше толықтай асфальттанған. Сондай-ақ, Аса ауылының барлық ауласы табиғи газбен және ауызсумен, жарықпен қамтылған.
Ауылдағы атқарылған игіліктер туралы округ әкімі Бауыржан Құттыбайұлы:
– Аудан орталығында 30-дан астам мекеме орналасқан. Асаның ажарын ашып тұрған орталық алаң, кәсіпкерлік нысандар – 54 азық-түлік, 4 құрылыс дүкені, көшелердегі 16 аялдама, 9 шаштараз, 5 асхана, 5 мейрамхана, 2 суретхана, 5 көлік жөндеу шеберханасы, 4 мектеп, 4 балалар бақшасы, 1 аурухана, 1 емхана, 3 тіс емханасы, 4 май құю стансасы, 2 мал дәріханасы, 2 дәріхана, 2 көлік жуу орны, 4 тігін цехы, 4 шағын спорт алаңы және Абай көшесіндегі әмбебап спорт кешені халыққа қызмет етеді.
Ал тұрғындардың арлы-берлі қатынау үшін жолдың тегіс болғаны – маңызды. Негізінде жол жөндеу жұмыстары 2013 жылдан басталып қолға алына бастады. Соңғы екі жылда аудан әкімі Сәкен Арубаевтың орталыққа ерекше қолдау көрсеткенінің арқасында, барлық көшелер асфальттанды. Бұдан бөлек жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыр, – дейді ауыл әкімі.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 88
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 71
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 77
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 88
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 77
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 75
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 83
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 73
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 80
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 299

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9311
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8705
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11934
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9707
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10914