Аса ауылында көпбалалы анаға 6 млн теңге берілді

Аса ауылында көпбалалы анаға 6 млн теңге берілді

Садақаның екі түрі болады. Біріншісі жария, екіншісі жасырын садақа. Бұл туралы Түрксіб ауылының найб имамы, ауыл жанашыры Болат Айдарбеков айтқан еді. Жасырыны біреудің арына нұқсан я болмаса кемшілігі әшкереленетін болса жар салынбай көрсетілетін садақа. Ал жария садақа жасап жатқан қайырлы амал өзге де адамдарға үлгі болу, жақсылыққа шақыру, жүрегіне иман ұялатуға бағытталады. 

Жуырда «Асар Уме» және «Береке» қайырымдылық қорлары Жамбыл ауданына келіп, тұрмыстық көмекке шын мұқтаж азаматтар тізімін саралай отырып, Аса ауылының тұрғыны, көпбалаы ана Е.Вонюкованың үйіне барды. Кейуанамен емен-жарқын әңгімелесті. Үй-жайы, бала-шағасы туралы сұрап, қолдау көрсету үшін арнайы келіп отырғанын жеткізді.

Ұлын ұлылыққа, қызын кісілікке тәрбиелеп отырған ана көп жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Тапқан табысын ұл-қыздарын қатарластарына қалмау үшін еңбек етіп жүрген ананың өмірі көпке ғибрат.

Аталған қайырымдылық қоры кейуанамен әңгімелесе келе жағымды жаңалықпен бөлісті.

Бұл туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің жетекшісі Мади Жанұзақов:

 – Аты жаман індет алғаш қылаң бергенде облыстық "Кислород SOS" еріктілер тобының мүшелігіне өз еркіммен қабылданып, қайырымды іске атсалысып келемін. Бүгінде жоғарыдағы қайырымдылық қоры мен еріктілер тобы өңірімізге келіп, баспанаға мұқтаж отбасыға 6 млн теңгенің сертификатын табыстады. Алдағы уақытта Аса ауылынан тамаша баспана сатып, қуаныш иелерін сүйіншілейтін боламыз, – дейді Мади Жарылқапбайұлы.

Өз кезегінде игі іске иілген жандарға аудан әкімі Сәкен Арубаев алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Жақсылықты жаны сүйетін азаматтардың арқасында күміс алқа иегері  армандаған баспанаға қол жеткізетін болады.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ
30.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 21
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 49
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 45
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 18
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 49
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 47
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 45
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 52
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 41
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 49
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 279

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9288
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8683
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11911
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9685
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10892