ӘСКЕРГЕ БАР, АЗАМАТ!

ӘСКЕРГЕ БАР, АЗАМАТ!
Кез-келген әскерге жарамды Қазақстан Республикасының 18-27 жас аралығындағы азаматы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге міндетті. Оларды медициналық тексеріс нәтижесінде бірнеше топқа бөледі. Десек те, соңғы кезде Отан үшін отқа түсетіндердің саны азайып кетті. Басым бөлігі ол жердегі жағдайдан үрейленеді.
Оқтын-оқтын шығып тұратын әскер жайлы жайсыз қауесеттер ата-аналарды үркітіп қойған. Әрине, әскерге өз еркімен сұранатындардың да қарасы жетерлік.
Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз – дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзі бар.
Әскер сені тәртіпке, жүріп-тұруға, қару ұстауға, бұйрыққа бағынуға, бірлесіп қызмет жасауға үйрететін нағыз ер-азаматтардың мектебі.
Осы мектептен өзім де өткендіктен әскерге ер азаматтар баруы тиіс деп санаймын.
Міне, бүгінгі Жаңатас көп салалы колледжінде өткен жиында осы туралы кеңінен айтылды.
Жиналғандар өз ойларын ортаға салса, студент жастар әскер қатарына барғысы келетінін немесе не үшін барғысы келмейтіндіктерін айтты.
Осыдан соң өздерінің құнды ой пікірлерін жеткізген әр саланың жауаптылары әскери қызметтің артықшылықтары туралы да егжей – тегжейлі баяндап, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Қалай десек те сарбаз боп сапқа тұру әр азаматтың ар-ожданына, намыс пен жігеріне байланысты. Осындайда бойына бес қаруын асынып жауға шапқан өр рухты қазақтың батырлары еске түседі.
Ұлан байтақ жеріміз сол батырлардың ер жүректіліктері мен отанға деген адалдығының арқасында аман қалды.
Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төгіп, қаһармандықпен шайқасып, тіпті ажал құшқан жанкешті қазақтың ұрпақтары емеспіз бе?! «Отан үшін отқа түс күймейсің» демей ме батыр Бауыржан.
Отан алдындағы борышты өтеу үшін сен де әскерге бар, сапқа тұр, АЗАМАТ!
Асылжан Пазылбеков, Сарысу ауданы "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің директоры
26.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 31
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 65
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565